М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dima85211
Dima85211
31.08.2022 05:30 •  Қазақ тiлi

. Нужно эссе на казахском на тему природа . ​

👇
Ответ:
89186119688
89186119688
31.08.2022

Қазақстан табиғаты өте көркем. Кейбір жерлерді танымал жерлердің аналогы деп те атайды. Мысалы Сарыарқаны Қазақстанның Швецариясы деп атайды.

Әр облыс өзінше көркем келеді.

Тау шыңдарында мұздықтар бар. Бұл жерлер саяxатшылар үшін таптырмас жер. Бұнда өте сирек, қызыл кітапқа енген қар барысы мекен етеді. Оған қоса аюлар мен тауешкілер мекен етеді. Тауға адам көп бара бермейді. Соған байланысты бұнда түрлі жануарлар мекен етеді, бірақ өте абай болады.

Тау беткейлерінде қыран құс бүркіт өмір сүреді. Қазақтар осы құс арқылы аңға шығады.

Ормандар мен жазықтарда қасқырлар, қорсақтар, қояндар және түлкілер өмір сүреді. Бұл жердегі тіршілік қызып тұрады. Жергілікті xалық аңға шығады. Аңшылар көбінесе бүркіттермен аңға шығады. Бұны бақылауға туристтер жиналады және кей сатып алады.

Қазақстан өте керемет өлке. Бұнда алты мыңнан астам өсімдік өседі. Бұған қоса көптеген жануар түрі бар. Мен бұл жердің табиғатын сүйемін. Мейлі, басқа жерде көркем болса да мен өз елімнің табиғатын жақсы көремін!

4,5(29 оценок)
Ответ:
77788899
77788899
31.08.2022

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.

Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!

Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу  өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған а бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.

Табиғат,

Әшкерелеп сөкпе бізді.

Тазала, саумал ауа,

Самалыңмен

Заводтың мұржасындай өкпемізді.

Санадан гөрі кейде сезім жетік,

Сезімсіз болар менің сөзім жетім...

Табиғат,

Емде мені,

Оралайын

Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! –

деп Қадыр Мырза Әли ақын жырлағандай, табиғаттан асып, одан ада тұтып ешқайда кете алмасымыз анық. Ат айналып қазығын табар. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастағанымыз жөн.  

Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.

Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тыры қа?!

4,5(24 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
2005NeZnayka2005
2005NeZnayka2005
31.08.2022

1) Өлеңнің тақырыбы ақынның өлеңге денген құрметінде.

2) Өнерге деген махаббаты өте ұшқын.

3) Себебі, ол жазушы.

4) Ол қазақ әдебиетіне лирикалық өлеңдер жазып қалдырып кетті.

5) Өлеңге.

6) Фариза ақынның "Сүйген сұлу", "Қасаңсап кеткен кезімде", "Қасиет көп адамда табынардай", "Құпия ғой, құпия деген адам", "Келе жатам әрі мұңлы, әрі ақсақ" деген өлеңдерін білемін.

7) "Ақбөбек жырлары", "Дауа".

8) Әрине. Өйткені, ол "Поэзия падишасы".

9) Себебі, ол нағыз тұнып тұрған лирик.

10) Ойлану, саралау, сезіндіру.

11) Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. 

4,5(80 оценок)
Ответ:
Osminozhka09
Osminozhka09
31.08.2022
Бир бай адам өлер алдында өзінің ұлы деп аталады және былай деді: «. Ұлы, менің қайтыс болғаннан кейін әр жұма сайын, сіз жейтін кезде, үй салу әрбір қалада, тұрмысқа - бал жейді»
Бай адам өлді. Ұлы өз еркін орындауға бастады: әр жұма сайын қайда жеуге, әрбір қала салынған үйлерге, үйленіп - бал ішіп. Ол ақшаны тастап кетті.
Бір күні ол көшеде шығып, қарттарға кездесті. Қарттар оны қарсы алды да, жанына отырды.
- Сіз неге отырасыз?
- Жай отыру.
- шындықты жасаңыз.
Джигит үнсіз.
- құпияны бөлісіңіз. Мен сізге жақсы жауап беремін. - дейді ақсақал
- Менің әкем бай еді. Оның еркін орындау арқылы мен кедей адам болдым.
- Ие-ақ қалдырды?
Бірінші өсиет: әр жұмада үйленеді. Екінші: әрбір қалада үй салу. Үшіншіден, сіз жеп, бал тамақ. Бұл ерік-жігерді жүзеге асыра отырып, ақшадан шығып кеттім.
Elder жігітінің былай дейді: «Сіз Айырмашылықтары әкесінің әр жұма сайын тұрмысқа болады - онда сіз бүкіл өмір үй салуға әр қалада қуаныш жұмсауға боласыз, өз әйелін құрметтеуге білдіреді - сіз жейтін кезде қалуы мүмкін әрбір қала досы бар, бал ішіп ... - Жұмыста тамақ ішкенде, балдан гөрі тәтті болады ». Сонда ғана джигит әкесінің еркін білді.
4,7(75 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ