Әр елдің астанасы мемлекеттің алтын бесігі болып саналады. Ал қазақтың төрт құбыласындай болған төрт астананың мемлекеттің мемлекет болып, ұлттың ұлт болып қалыптасуында алар орны ерекше. Олар: Ресей жеріндегі Орынбор, Сыр бойындағы Ақмешіт, Алатау баурайындағы Алматы және Сарыарқа төсіндегі Астана. Біз Ақмешіт алаштың алғашқы астанасы деп мақтан тұтуымыз тегін емес . Өйткені 1920-25 жылдары Орынборды Қазақ-қырғыз АССР ның әкімшілік орталығы деп аталды. Одан кейін астана мәртебесі қазақ қалың жайғасқан ата қоныс жібек жолының басты торабы ретінде Сыр бойының бас қаласы Қызылордаға берілді. Осы тұста мемлекетіміздің тарихы қалыптасуына, қазақ халқының тарихи атауының қайтарылуына қызмет жасады. Иә, талай сырды қойнауына бүккен, талай тарланды қанатандырған Сыр шахарының көшелерінде өмір ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайысқан қайраткерлер Сәкен, Бейімбет Ильястарлың ізі сайрап жатыр. Сол заманда саз балшықтан соғылған темір жолы вокзалы, қазақ драма театры, өндірістік нысандар Ақмешішітте бой көтерген алғашқы ғимараттар бүгінде көненің көзіндей сыр шертіп тұрғандай. Осынау заманмен ілесіп, талай ұрпақ дүние есігін ашып, қазақ деген атқа лайықты өмір кешіп келеміз. Бүгінде бірлігі бекем, тұтастығы мол егемен елде тұрып жатырмыз. Ал еңселі елордамыз Астана күннен күнге қарыштап дамып, әсемдігімен баурап алуда
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Александрия кітапханасы, Искандерия кітапханасы (көне грекше: Βιβλιοθήκη τῆς Ἀλεξάνδρειας) — б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда (Мысыр) көрнекті ғалымдардың (Зенодот, Каллимах, Аристарх) қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры.
Александрия кітапханасында 700 мыңға жуық том (орам) кітап болған. Онда көшірушілер тобы жұмыс істеді. Қолжазбалар кітапхана ғалымдарының сынынан өткізіліп, өңделіп отырылған. Александрия кітапханасының қорын жинау, сақтау шеберлігі жоғары дәрежеде болғандығын Каллимахтың библиография каталогы дәлелдейді. Александрия кітапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Еуропа мен Ресейде жарық көрген кейбір тарихи оқулықтарда Александрия кітапханасын Халифа Әмірдің өртегендігі туралы негізсіз тұжырымдар бар. 1933 жылы М.Шоқай: “Мәскеу большевиктері Искандерия кітапханасын Халифа Әмір тарапынан өртелгенін айта отырып, Иран, Түркия және Ауғанстан халықтарын надан, жабайы етіп көрсетуді мақсат етіп отыр” деп жазды “Яш Түркістан” журналында (1933, №39).
Александрия кітапханасының хазірет Әмір жарлығымен өртелгені — алғашқы дәуір тарихшыларына беймағлұм. Оған Франция Ғылым Академиясының 1923 жылы 30 наурызда “Таң” газетінде жарияланған мәліметтері кейбір орыс деректері (“Брокгауз — Эфрон” сөздігі, 1891 жыл) де дәлел бола алады.
Шын мәнінде кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б. 48-47 жылдарда Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын қоры Феодосия дәуіріне дейін сақталған. Оны Серапион махалласына шабуыл жасаған фанатик христиандар өртеп жіберген (341 жыл). Яғни аталмыш ғылым қазынасы Искандерия қаласын арабтар алудан 301 жыл бұрын жойылып кеткен.