М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
outoforder
outoforder
17.10.2022 19:02 •  Қазақ тiлi

Ғұндар қанш тайпадан тұрады???​

👇
Ответ:
gspd000
gspd000
17.10.2022

Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы 56 ж. ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 ж. табғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң, аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Еуропада өз империясын құрды. Ғұндардың Батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болды.

4,7(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Загадака
Загадака
17.10.2022
Әңгімеде -автор біздерді басты екі кейіпкер Мишут пен Стасикті таныстырады
Николай Николаевичтің көптеген әңгімелерін екі дос өрнектейді, көбіне бұл Миша мен Коля.
Екінші достың бұлай аталуын шешу қиынға түспейді, әңгімелеу бұл шығармада, өз атын екінші адам ретінде көрсетеді.
Қазіргі мазмұны қысқаша айтылатын-Носовтың "Қиялшылдар" әңгімесінде, өзін үшінші адамның атынан баяндайды.
Міне, балалар Мишут пен Стасик отырғышта отырып, әңгіме жүргізуде.
Олар қиялға берілгені соншалық, қызықты болмаған оқиғаларды ойластыруда.
Автор айтқандай,балалар бір қызық тартыс ойлауды көздегендей, кім-кімді өтіріктен жеңіп шыққандай сайысуда.
4,6(65 оценок)
Ответ:
Тётко
Тётко
17.10.2022
  Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.  Қазақстандай  елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.  Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ  елінде 16 млн-ға  жуық  халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз  мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте  дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған.  Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың  ішінде дами түсті, көркейіп, өз  экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы  саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын,  оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел.  Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте  алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен  саудаласып, экономикасын дамытуда.Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы  жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
4,4(26 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ