Сарыарқа төсінде, Сән беріп Есілге. Жас қала – Бас қала, Астана өсуде. Күн болып қарайды, Шуақ боп тарайды. Әлемге нұр шашқан, Астанам арайлы. Туғандай қиялдан, Үйлері бір арман. Аспандап барады, Аяулы ұлы ордам. Ақ таңмен тыныстап, Мүлгиді күміс бақ. Тыныштық тұтқасын, Елбасым тұр ұстап. Мәрмәрдан қаланған, Сан сарай, сан арман. Жауһардай жарқырап, Жас қала жаңарған. Елбасы тілегі, Елімнің жүрегі. Жасанған елорда, Туған жер тірегі, Даламның кеңдігі, Тауымның ерлігі. Елордам тұр сенде, Елбасым ерлігі. Елордам қуатты, Шырайлы, шуақты. Шұғыла шаша бер, Алтын күн сияқты. Астана ақ қала, Ақ мәрмәр пәк қала. Шарықтап, қарыштап, Шалқи бер, шаттана.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/3844-astana.html
© www.ZHARAR.com
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Денсаулық – зор байлық!Денсаулық табиғаттың ең қымбат сыйы.Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40% экологияға, 40% өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20% ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. Денсаулық сақтаудың алдыналуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс-жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Шамадан тыс көп тамақтану да ағзамызға зиян. Ал, спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.