Оқы 4. Мәтінді түсініп оқы.
Ғарышта ғарышкерлер түрлі ас мәзірін пайдалана
алады. Олардың тағамдары арнайы сықпада болады. Бұл
сықпалардың ішінде жеміс кисельдері, сүтті кофе, борщ
саңырауқұлақ сорпасы, түрлі ботқа, тауық еті болады.
Ғарышкерлерге сықпадағы тағамдарды алып жүру, қол-
дану өте ыңғайлы. Сықпадағы тағамның дәмі өзгермейді.
Оның тек салмағы азая-
ды. Алғашында ғарыш-
керлер үшін кептірілген
тағамдар дайындалған.
Алайда олар үнемі үгіті-
ліп кететін. Сондықтан
ғалымдар арнайы сықпа-
ларды ойлап тапқан.
1.Озаглавить текст
2.6 словосочетаний
3.слово ғарыш просклонять по падежам.
Мен ән айтуды ұнатамын. Мәнді, мағыналы әндер айту арқылы халықтың өнерге деген талғамын жоғары еткім келеді. Бүгінде әнші көп. Бірақ жаңадан шығып жатқандардың көбі әннің мағынасына көңіл бөле бермейді. Ән арқылы не айтқысы келетінін де білмейтіндер көп. Сондықтан қазақ өнерін мәнді, жақсы әндермен толықтырсам деймін. Оған қоса биді де ұнатамын. Жалпы а ң жан жақты, өнерлі болғаны, алға ұмтылғаны дұрыс.
Өнер иесі болғандықтан адам жан-жақты болуы тиіс. Сондықтан мен ең алдымен білімімді жетілдіріп, өзімді мәдениетті, білімді, өнерлі, адамгершілігі мол ете түскім келеді. Халықпен өнеріңмен бөлісу үшін, өзіңе талап қоя білуің керек деп ойлаймын. Жоғарыда аталған дүниелер бойымда болмаса, онда өнердің де қасиетін кетірерім анық. Өнерлі болу арманым болғандықтан, халқыммен тек жақсымен бөлісу үшін өзімді шыңдай түскім келеді.