Мамасы пен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей, тіпті пойызды
күтпестен-ақ құс болып ұшып кетердей алып-ұшқан екпін бар еді.
Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай
жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің.
Енді Есмағамбеттің өзі іштей қатты састы. Сасқан себебі, ба-
ланың сезіміне осыншалық әсер етіп, ендігі жерде оны Алматыға
алып кете алмаса - ұмытылмас күнә болардай еді. Бірақ «Алып
кетем, несі бар... алып-ақ кетемін, мамасына табыстаймын. Тіпті
біздің үйде де жүре береді. Онда қандай қиындық бар?» деп өзін-
өзі жұбатып барып, көңілі тынғандай болды.
Осы бөлімге жоспар құру керек. көмектесші
Еңсегей Бойлы Ер Есім– Қазақ хандығының билеушісі (1598 – 1645) "Еңсегей бойлы ер Есім" дастаны (1941 жыл, көлемі 7000 жол) дәстүрлі эпикалық жанр арнасында жазылған. Жырдың 1941 ж. Қазанғап Байболұлы жазып шыққан нұсқасы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп аталады. Ақын мұны Шәкәрім, Астай имам, Қарамолда, Ботпай Тұрта сияқты ел ішіндегі тарихшы - шежірешілердің нақты жазбаларын пайдалана отырып жазып шыққан. Жырдың алғашқы «Шыңғыс хан», «Тәуекел хан» деп аталатын тараулары Шыңғыстың, Тәуекелдің өмірге келуі...