М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
elena563
elena563
13.03.2023 17:42 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген мәтiндi оқып, негiзгi идеясын табыңдар.Оны көзқарас — себеп — мысал — қорытындылау әдiсiмен талқылап, жазыңыз. Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көздері түседі. Шәкірт ұстазына: – Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай абдырап, сасқалақтағанын қызықтайық, – дейді. Сонда ұстазы: – Адамдарды әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық, – дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Содан соң екеуі жақын тұрған ағаштың артынан жасырынып, бақылауды бастайды. Сәлден соң жүзі әбден тотыққан, жұпыны киімді бір адам келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмайды. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап сӛйлей бастады: «Я, Жаратушым! Сен менің хәлімді өзімнен артық білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш екенінінен хабардарсың. Бәрімізді басқа түскен қиыншылықтан құтқардың. Шүкір, шүкір…». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіреді. Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленеді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы: – Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді. Шәкірті: – Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім, – деп жауап қатты.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Дана896
Дана896
13.03.2023
Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.

Бұл мерекені жүрегі мен тілегі бір үлкен отбасыммен өткізгенді жақсы көремін. Және отбасы мүшелерінің үйде болуының маңызы зор. Бірге болған кезде жаңа жылдық дастархан жайып, қызықты тақырыптарда әңгіме-дүкен құрамыз. Жыл сайынғы дәстүрлі тағамдарды дайындап, бір-бірімізді сыйлықпен қуантуға асығамыз.
4,5(97 оценок)
Ответ:
maxprok2012
maxprok2012
13.03.2023
Көңілімді шаттыққа бөлеп, жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат жасайтындай.Қонақ үйге шырша құрып, оны безендіру үшін өз қолымызбен ойыншықтар жасаймыз. Арасында ақ қағазға салынған қазақы ою да бар. Ал ең маңызды сәт – сыйлық беру рәсімі. Осы кезде іштей сыйлағанымды ұнатса екен, маған не береді деген сынды ойлардың жетегінде қаламыз.
4,4(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ