Менің бала күннен арманым мен тәтті қиялым – ұшқыш болу . Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді , себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап , аспан әлеміне саяхаттап , ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар . Көк аспанға көзімді тігіп , қиялдап қараймын . Болашақта асқақ арманым орындалып , мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын . Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек , сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек . Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп , тәжірибе зауытында даярланады , өз білімдерін жетілдіреді .
Отбасы – сенің туғандарың,ең жақын жандарың.Отбасыда қанша адам бары маңызды емес.Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас."Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші,отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.Сондықтан да,отбасының бақытты болуы аса маңызды.Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды.
Бақытты отбасында,ең алдымен,түсіністік пен сыйластық болуы керек.Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін.
Екіншіден,әрине,отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға,қолдауға дайын болуы қажет.Бала сабақ оқудан қиналса,барынша көмектес,түсіндір.Ана жұмыстан шаршап келіп,үй шаруасына кірісіп жатса,оған да қол ұшын соз.Және отбасы мүшесі алысқа кетсе,хабарлап,жағдайын сұрасып тұру керек.
Үшіншіден,отбасында үндестік орнаса,ол отбасы бақытты саналмақ.Яғни,жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып,үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін
Объяснение: комеги тиди деп ойлаймын