Бір атаның балалары Мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықта. Рашид жеті жаста. Зигфридті Ахмет ақсақал әкесі мен анасына апарып берді. Зигфрид Вангердің есімі Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып ауысты. Бір атаның балалары
текст - ...Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал... Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Қазір қолда барын бөлемін, - деді басқарма. - Ал, Дәуренбек, құжатыңды оқы, балалардың мән-жайын айт. - Стройдың басында тұрған екеу – Ертай мен Нартай. Екеуі ағайынды. Бұлардан кейін – татар баласы, аты – Рашид, жетіде. Көзі сығырайған әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Одан кейін – Яков, тоғызда. Ең соңғысы - неміс. Бұл бала әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз қалған соң алынған екен. ...Ахмет шал балалардың басынан сипап өтті де, ең шетінде тұрған неміс баласының қолынан ұстады. - Мен осы мықтыны қаладым... Баламның атын айт. - Зигфрид Вольфганг Вангер, - деді Дәуренбек. - ...Е, жақсы ат екен, - деді Ахмет ақсақал. –Айналайын, жүр, үйге кеттік. Апаң күтіп отыр... ...Жылы төсекте ұйықтап жатқан Зигфрид Вангер таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды. Мұхтар Мағауин
Жақында мен ата-анаммен бірге концертке бардым. Концерт өте қызықты болды, музыканттар домбыра және қобыз аспаптарында ойнады.Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі - бүкіл жер жүзінде ұлттық музыкалық өнердің шыңы ретінде танылған, оның сексен үш жылдық тарихы бар. Қазіргі таңда әйгілі оркестр командасында сексен үш дарынды музыкант жұмыс істейді. Оркестрді жас талантты дирижер Арман Жүдебаев басқарады. Оркестрдің репертуарында қырық мыңнан астам туынды бар.ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіндегі Ұлы оркестр «Қазақ күйлерінен әлемдік классикаға дейін», «Әлем халықтарының музыкасы», «Ұлы дала әуендері» концерттер жинағын ұсынады. Концертте қазақ және әлемдік композиторлардың шығармалары бейнеленген. Мен көп нәрсені үйреніп, көп әсерге ие болдым. Осы концертті тамашалауға кеңес беремін.
1.Ақиқат
2.Ақиқат
3.Ақиқат
4.Ақиқат