Менің ойымша Денсаулық зор байлық дегеніміз Денсаулық көп адамда бола бермейді. Біреулер әлсіз тағы біреулері мықты болып өседі. Əлсіз адамдарға денсаулық керек. Денсаулығы жоқ адамдар ешқашан өзін сергек,көңілді сезіне алмайды және аурушаң болуы мүмкін. Мұндай адамдарға денсаулығын мықты сақтау қажет. Ол үшін спортпен үнемі айналысып,дəрумендер жеу керек. Дене шынықтыру сабақтарында белсенді болуы керек. Міні сондықтанда денсаулық ең қымбат зат
Ал балалар жақсы өмір сүргілерің келсе спортпен айналысыңдар.
Доспамбет жырау — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.).