Берілген сөздердің антонимдері:
өткір – дөкір/өтпес (ауыспалы мағынада «өткір» болса, антонимі: жасық болады);
айбынды-қорқақ;
батыр – сужүрек;
күшті - әлсіз;
қос - бөлек/біреу;
солғын – балғын;
бірлік – алауыздық;
бақ – бақытсыздық;
жауыз – мейірімді;
бағасыз – құнды;
белгі –––
ұзақ – қысқа;
тарау – жиналу, қосылу, шырқамау, тарамау;
тарту – тартпау, шекпеу, сыйламау, ұқсамау, тежемеу, тізгіндемеу.
Берілген сөздердің синонимдері:
Өткір – үшкір (ауыспалы мағынада болса, батыл, бетті, жүректі, өжет, өр, өтті, тәуекелшіл);
Айбынды – айбарлы, айбатты, айдынды;
Батыр - ер, қаһарман;
Күшті - әлді, әлуетті, белді, жігерлі, қабырғалы, қажырлы, қайратты, қарулы, қарымды, қауқарлы, қуатты, құдіретті, мелжемді, мықты;
Қос - екі, жұп; сыңар;
Солғын - бәсең, көмескі, нәзік;
Бірлік - ауызбіршілік, бүтіндік, ұжым, ұйымшылдық, ынтымақ;
Бақ – бақыт, бау, береке, құт, талай, ырыс;
Жауыз – бұзық, кәззап;
Бағасыз – құнсыз;
Белгі – таңба, ишара, ишарат, нышан, нышана, тұспал;
Ұзақ – алшақ, алыс, аулақ, жырақ, қашық, қиыр, қиян, қырым, шалғай, шет, шыған, шырқау;
Тарау – азғындау, азу, ару, арықтау, ашаңдау, бытырау, жүдеу, кілмию, кірбию, кіртию, сала, солу, таралу, тарқау, тармақ, шашырау, ыдырау;
Тарту (бұл сөздің 20-ға жуық түрлі мағынасы бар. Синонимдер де түрлі мағынасына қарай жазылған). - айнымау, ауыздықтау, осу, тежеу, тізгіндеу, тілу, ұқсау, шегу, шықпырту.
Үркер — (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.