М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
prostoliiiii
prostoliiiii
10.06.2021 07:42 •  Қазақ тiлi

Кітапхана туралы эссе керек​

👇
Ответ:
rhxtdf
rhxtdf
10.06.2021

Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

Кітапхана – оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін кітапханалардың бірі 86 жыл тарихы, 6 млн қоры бар «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы. Ғылым ордасының оң қанатында орналасқан бұл кітапхана – Республикалық маңызы бар ақпараттық орталық және Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітап қоры бар киелі орда.

Бүгінде Орталық ғылыми кітапхана әлемнің 52 еліндегі 355 ғылыми мекемемен серіктес және Қазақстандағы 1 млн жуық шет тілдеріндегі ғылыми әдебиеттер қорын сақтаушы. «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық», «Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы», «Ұлы тұлғалар», «Кітапхана ісінің көрнекті қайраткерлері» атты библиографиялық сериялардың зияткерлік меншік сертификатына ие.

Кітапхананың маңызды бөлімдерінің бірі «Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімі болып табылады. Бұл бөлім өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі. Сирек кітаптар қоры- 91 мың, қолжазбалар қоры – 22 мың данадан астам

Объяснение:

4,8(89 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ponomarevaaaaaaaaaa
ponomarevaaaaaaaaaa
10.06.2021

1.Бетің былғанса,су тазартады - Ашық рай. 3 жақ .Жекеше түрде.

2.Бөгемеңдер, жол беріңдер - Бұйрық рай. 2 жақ. Көпше түрде.

3. Ерлік белгі көрсеткісі келмеген, Қожантайдың өзіде ойға қала бастады - Шартты рай. 3 жақ. Жекеше түрде.

4.Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен. Шартты рай. 3 жақ. Көпше түрде.

5.Көңілдегідей орындап шықса,жауынгерлерге де сыйлық берілсін - Шартты рай. 3жақ. Көпше түрде.

6. Асқар оянса, ұйқысы қанып, денесі сергіп қалған екен - Шартты рай. 3 жақ. Жекеше түрде.

7. Топырақ жұмсақ, майда болса, дән еркін өседі - Шартты рай. 3 жақ. Жекеше түрде.

8. Мұныңыз ілімге сәйкес келсе игі еді - Қалау рай. 3 жақ. Жекеше түрде.

9. Қарсыласуға, тіпті тоқтатып қоюға еркі бар - Қалау рай. 3 жақ. Жекеше түрде.

10.Сенің де айтқаның болсын - Бұйрық рай. 2 шақ. Жекеше түрде.

4,4(56 оценок)
Ответ:
Kira5672
Kira5672
10.06.2021

Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

4,5(42 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ