«Ағаш тамырымен, адам досымен мықты» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...
Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.
Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?
Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?
Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.
Еркебұлан: Қандай керемет! Ал сіздің досыңыз қандай адам?
Аспандияр: "Ағаш тамырымен, адам досымен мықты" деп бекер айтылмаса керек. Данияр екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші. Өмірде осындай, Данияр сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін.
Еркебұлан: Аға, менің де сіздей адал досым болса екен!
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз аты» оқырманға үлкен ой салады. Үміт, арман, қиял а ң қанаты екенін, қанағат пен бауырмалдылықтың керектігін айтады. Әке-шешесінен айырылған баланың адами қасиеттерге бай болып өсуі, қарапайымдылық пен зеректілікті, арманшыл болуы әсерлі баяндалады. Тағдырына мойымаған, өз күнін өзі көрген Тортайдың өмірін автор бірінші жақпен баяндайды.Тортай – тағдырдың ауыртпалығын жастай сезініп, өз қатарластарына қарағанда ерте есейген бала. Ата-анасынан қатар айырылып, өмірдің тәрбиесін алып жүрген Тортай қатарының үлкені және алды. «Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды...» Оның ауылдың өзге балаларындай емес, «қой аузынан шөп алмас жуас», көп ойнамайтын, жасқаншақ мінезді, бірақ, нағыз еңбекқор екенін автор осы бір үзіндіде айтып кетеді.