М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nikita6537
Nikita6537
13.11.2020 02:39 •  Қазақ тiлi

Бір атаның балалары (үзінді)
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, деді басқарма. — Өздерің
білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», – деп кеттім Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-
Hының тоғыз қолқазына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен
барғанша ересектерін бөліп әкетіпті. ... Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе
жетпейді. ... Əзір қолда барын Құдай жолымен бөлем...
...Ал, Дәуренбек, - деді басқарма. - Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-
жайын айт.
Стройдың басында тұрған екеу – қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-
да. Мынаусы - Ертай, анаусы — Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар
баласы, аты — Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —
әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты
Яков, тоғызда,
қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», - деп
жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы жаңа
алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: неміс.
Бұл баланың орны — детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған
жайы бар.
...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады.
Мен осы мықтының өзін қаладым. Баламның атын айт.
Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! — деді Дәуренбек мырс етіп.
- Е, жөн-ақ, деді Ахмет ақсақал. — Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр
үйге, кеттік. Апаң күтіп отыр...
...Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид
Вагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды.
(Мұхтар Мағауин). составить по этому тексту четыре предложения​


Бір атаның балалары (үзінді)Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, деді басқарма. — Өздеріңбіл

👇
Открыть все ответы
Ответ:
syaninp087af
syaninp087af
13.11.2020

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады. Көптеген студенттер ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұрынады.

4,7(100 оценок)
Ответ:
sofika121
sofika121
13.11.2020

Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.

Объяснение:

4,5(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ