Күз
Күз әр жыл сайын айналып келетін жыл мезгілі. Күзде ауа райы құбылмалы болады. Күзде айнала сары кілемге боялады. Құстар жылы жаққа ұшуды бастайды. Күзде ағаштардың жапырақтары жерге түсіп, жапырақтарын жерге жаяды.
Осыған орай күз мезгіліне қатысьы өз туындымнан өлең шумақ
Күз әдемі мезгілі
Айнала сары алтындай
Жел соғады гуілдеп
Ұшып кеткен құстардай
Бокс - менің сүйікті спортым.
Әркімнің өзіне жақын әрі сүйікті спорты болады. Біреулер жеңіл атлетикамен айналысқанды жақсы көрсе, енді басқалары футбол ойнауды ұнатып жатады. Ал менің сүйікті спортым - бокс.
Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Осы спорт түрімен айналысатын адамды боксшы дейді. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Боксшының дене бітімі шымыр,дені сау болады. Бокспен шұғылданатын адамдар өзіне сенімді болып келеді. Жеңіске жету, алға ұмтылу қасиеттері болады.
Былтырғы жылы қазақ боксына сексен бес жыл толды. Осы біршама уақыт ішінде қазақ боксы қандай кезеңдерден өтіп, бірталай жетістіктерге жетті.
Қазіргі таңда бокс еліміздегі ең танымал спорт түріне айналды. Бүгінде жастармен қатар аға буын өкілдері де халықаралық ареналарда бақ сынасып жүрген қазақ былғары қолғап шеберлеріне жанкүйерлік танытып, әрбір кездесулерін асыға күтіп, үзбей көріп отырады. Отандастарымыз халықаралық деңгейде түрлі спорт додаларының жеңімпазы атанып, көк туымызды желбіретіп, намысты қолдан бермей, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр. Жерлестеріміз жазғы олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Тіпті әлемде «қазақ боксы» деген мектеп қалыптасып, өте жоғары деңгейде дамып келеді.
Жалпы бокс елімізде қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел ретінде жасөспірімдер мен жас боксшыларымыздың халықаралық деңгейде ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде үлкен жетістіктерге жетуі. Алдыңғы қатар аға буынның лайықты ізбасарлар қатары өсіп келеді. Қазақ бокс мектебінің өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар.
Бокспен айналысқаныма екі жылдан асты. Болашақта кәсіпқой боксшы болуды армандаймын.
Күз... Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдыңда бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енсе, аспанның шелегі тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, көңілің құлазып тұңғиыққа еніп кетсең, біреуді сағынсаң, ол сені де сағынса, шіркін, міне, бұл күз ғой.
Күздің кереметі сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде әуелете ән салдырып, көңіліңді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезім сыйлайтынында. Күзді сүю сағынышты аңсау деген сөз. Қаншама ақынның жырына, қаншама жазушының қаламына біткен осынау мезгілдің меңіреу тартып тұрса да, өзіне тарта беретіні өзінше бір құдірет.