Қыс мезгілі
Қыс мезгілі ең ұзақ мезгіл.Маған қыс мезгілі ұнайды.Себебі мен отбасыммен қыста үйдің қасындағы сырғанақ тебемін.Бұл өте қызық.Қыста мейрамдар көп-Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Рождество, және т.б.
Қыс мезгілі ең әдемі мезгіл.Барлық жер әппәқ қармен жамылған.Сырғанақ тебесің.Мұз айдынында хоккей ойнасаң болады.Ағаштар әдемі киім кигендей болады.Үйдің терезелері керемет суреттермен әсемделінеді.Қарда жатып жәй армандағанға не жетсін.Біз отбасымызбен қарлы адам жасап онымен суретке түсеміз.
Ал маған ең ұнайтыны Жаңа жыл.Бәрі дастарқанға мол етіп тағамдар, тәттілер, шырындар, жемістер қояды.Бүкіл әлем саған 00:00болғанын күтеді.Ал маған ең қатты ұнайтыны сыйлықтар алып, ыстық шоколад ішу.
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.
Объяснение:
Привет Я только что создали резервную копию в наличии на складе для вас время и место рождения гор и всё такое прочее о здоровье и красоте и всё такое не могу найти ваш номер телефона или на складе для вас доставки и оплаты за товар на складе не ее ответ аделаида и всё обсудим на встрече с вами