Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.
Мен дайындауды ұнатамын және әрқашан ас үйде анама көмектесемін. Анама қатты ұнайды. Ал сен ас үйде анаңа жиі көмектесесің бе?
- Кейде, өзі өтінген уақытта.
- Ал сен дайындауды ұнатасың ба?
- Мен дайындауды ұнатамын, бірақ аз рецепт білемін. Маған бір нәрсені дайындауды үйретесіз бе?
- Мен тез жасалатын салаттың рецептін білемін. Жемістерді тура: алмұрт, алма, банан. Содан кейін қантты айранды қосып, араластыр.
- Расында, өте тез және дәмді. Дайындау керек. Рахмет.