1 қазақстан қорықтары және қызыл кітап «қорық» сөзі өте көне ол сонау киев русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. « қызыл кітап » термині жақында, бар жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңқа ие болды. бұл тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға қол қойғаннан кейін (рио – де – жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне байланысты күшейе түсті. бұл мақалаларда осы ұғымдардың бірбіріне пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса да ойлар жиіжиі көріне бастады. қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. бірақ бұл терминдер мазмұны жағынан әртүрлі. өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі – территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік және т.б) – тұрғыдан қарастырады.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) - әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1932 жылы әскерге алынып, мергендік өнерді игереді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болған Б.Момышұлы соғыстың соңгы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б.Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басты тақырыбы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың айғағы ретінде жазушы қаламынан туған «Офицер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», «Үшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т.б. туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.