Бір атаның балалары (үзінді)
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал,
деді басқарма. — Өздерің
білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», — деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-
НЫНЫҢ Тоғыз қолқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен
барғанша ересектерін бөліп әкетіпті. ... Менің әкелгенім – алты-ақ бала. Бәріңе
жетпейді. ... Əзір қолда барын Құдай жолымен бөлем...
...Ал, Дәуренбек,
деді басқарма. — Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-
жайын айт.
Стройдың басында тұрған екеу
қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-
да. Мынаусы Ертай, анаусы — Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар
баласы, аты — Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —
әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты – Яков, Тоғызда,
қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», – деп
жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа
алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: неміс.
Бұл баланың орны — детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған
жайы бар.
...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады.
Мен осы мықтының өзін қаладым. ...Баламның атын айт.
— Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! — деді Дәуренбек мырс етіп.
- Е, жөн-ақ, деді Ахмет ақсақал. — Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр
үйге, кеттік. Апаң күтіп отыр...
...Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид
Вагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды.
(Мұхтар Мағауин)
Составить 4 вопроса по тексту
Қояндар – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар.
Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болады. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;
Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді.
Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады.