ответ:Бейбітшілік пен келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерінің өткізілетін орны ретінде әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердың жобасымен «Сембол Иншаат» Турциялық құрылыс компаниясы салды. Осы кешеннің ең басты ерекшелігі ғимарат Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес салынған. Сонымен қатар, ғимараттың негізі биіктігі мен ені 62 метр болатын шаршымен қаланған. Бұл жерде көрме залдары, конференц- зал, қысқы бақ, 1500 көрерменге арналған концерт және опера залы орналасқан. Интерьерлері күрең- алтын тонда жасалып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілгендіктен сапалы жұмыстар жүргізуге мүмкіндіктер көп. Сахна жанында 80 музыкантқа шақталған 2, 8 метрлік оркестрлік орын орналасқан. Мерекелік зал 2000 шаршы метрден астам аумақты қамтиды және бір уақытта 1000 адамға дейін қабылдай алады. Ауданы бойынша ең үлкен зал- 2000 кв.м ауданды алып жатырған «Хеопс атриум» залы. Осы залда Елордамыз Астана қаласын 2030 жылға дейінгі дамытуға арналған басты жоспардың құрамы орналасқан. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезі Қазақстанның Мемлекеттік туы түстеріндегі витраждармен безендірілген, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі залының үлгісіне салынған пирамиданың ең жоғарғы жағында орналасқан дөңгелек залда өтеді. Оны «әлемнің қолын бейнелейтін» төрт тірек ұстап тұрады. Бір қабат төменінде үлкен кітапханамен қамтамасыз етілген әлемдік діндердің зерттеу орталығы орналасқан. Пирамиданың ортасына қарай иілген қабырғаларда Астананың аспа бақтары орнатылған. Бұл ғимарат әртүрлі діндердің, ұлт өкілдерінің бірлесетін жері екеніне тағы бір дәлел бола алатын факт пирамиданы Қазақстандағы халықты, сонын ішінде бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатырған әртүрлі ұлт өкілдерін бейнелейтін 130 ұшып бара жатырған көгершіндердің тобы бейнеленген үлкен шыны күмбез қоршап тұр. Түнгі уақытта күмбез жанып, маяк секілді әртүрлі мәдениеттердің, діндердің, халықтың бірлігін бейнелейді.Сәулетшісі
Foster and Partners; Инженері
Buro Happold.
Объяснение:
ответ:Саяхат және туризм – адамның өмір салтын білдіретін, бір- бірімен тығыз байланысты ажыратылмас екі түсінік. Бұл демалу, спорт, айналаңды тану, сауда, емделу және т.б. іс-әрекеттер. Бірақ саяхаттың басқа да демалу түрлерінен айырмашылық жасайтын факторлары болады: адамның өзінің тұрғылықты, тұрақты орнынан басқа елге, жерге саяхаттауы.
Саяхатты жеке адамдар, бір мақсатты қудалайтын адамдар тобы, экспедициялар, сонымен қатар құрамында жүздеген, тіпті мыңдаған мамандар бар әскери экспедициялар, дипломаттар, мигранттар мен келімсектер жасауы мүмкін. Кейбір халықтар үшін саяхаттау ғасырлармен қалыптасқан, тұрғылықты орындарының климаттық ерекшеліктерінен туындаған өмір салтына айналып кеткен. Оларға белунджилер, бедуиндер, сығандар және т.б. сияқты көшпелілер жатады. Көшпенділер малдарымен бірге жыл сайын жайлаулардың баршылығына байланысты бір жерден екінші жерге көшіп жүреді, оларға тіпті елдердің шекаралары бөгет бола алмайды. Мысалы, белунджилер әрдайым Пәкістаннан Ауғанстанға сөйтіп көшіп жүреді.
Саяхат – адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстыруларын білдіретін жалпылай мағынасы көп әрі терең термин. Сонда, саяхат - адамдардың кеңістік пен уақыттағы орын ауыстырулары, ал мақсаттарына, бағыттарына, орын ауыстыру құралдарына, уақыт аралықтарына тәуелсіз саяхатты жасайтын адам – саяхатшы. Саяхат ерекшеліктеріне байланысты саяхатшыны теңізші, ғарышкер, бизнесмен, зерттеуші ретінде қарастыруға болады. Белгілі сипаты, ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы кезінде, саяхат туристік қызметтің бір бөлігі болып табыла алады. Статистика мақсатында саяхаттаушы адамды сонымен бірге «келуші» деп те атайды.
Объяснение:
можно само задание фото?и т.д