М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aidos2008
aidos2008
05.01.2023 06:11 •  Қазақ тiлi

составьте 5 предложений на казахском языке​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ksussshhhaaa
ksussshhhaaa
05.01.2023

Ұнағанын ал

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауыл шаруашы­лығына тікелей байланысты.

Климаттық өзгеру

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

4,7(91 оценок)
Ответ:
SavchukAndrew
SavchukAndrew
05.01.2023
Мен - облыстық «Сарыарқа самалы» («Қызыл ту») газетінің елу жылдан бергі тұрақты оқырманы әрі жергілікті жерден азды-көпті мақалалар жазып, қалам тербеп келе жатқан авторларының бірімін. Сондағы байқағаным – басылым үнемі уақыт талабына сай оқырмандарына қызмет етіп келеді. Қазір газеттен қаламы қарымды журналистердің ізденіспен атқарып келе жатқан еңбектерін танисың, сүйсінесің. Бүгінгі таңда тарихтың көзден таса қалған мәселелері төңірегінде де газетте аз жазылып жүрген жоқ. Бұл, әрине, оқырман қауымды қуантады деп ойлаймын.

    Келер жылы «Сарыарқа самалы» газетінің жарыққа шыққанына 85 жыл толады. Осы мерейтойға орай айтайын дегенім, газетке аймағымыздағы әрбір қазақ отбасы тұтас бір жылға жазылса екен деймін. Сонда рухани байлығыңыздан көз жазбайсыз, отбасыңыздағы ұл-қызыңыз да бұл басылымды оқып, пайдасын сезінер еді.

    Сөзімнің соңында, «Сарыарқа самалы» газетінің мерейі үстем, мәртебесі биік болсын демекпін.

 

 
4,7(94 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ