Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған. Емдік сусын ретінде қымызды өзіміздің ата-бабаларымыз халық медицинасында асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қазақ елімен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт елінде де емдік қасиеттерге қолданған. Қымызбен емдеу әдісін уағыздаушылардың бірі В.И.Даив 1843 жылдары Орынбор қаласында әскери қызметте жүріп қымыздың шөл қандырар сусын екенін құрқұлақ ауруының алдын алу қасиеті туралы нақты шешімін дәрумендердің ашылуынан бұрын батыл мәлімдеген болатын. XVIII ғасырдың ортасында Самара қаласында алғаш рет қымызбен емдеу шипажайы ашылды. Осы ғасырдың 73 жылдарында Н.В.Постников ғылыми түрде қымыз сусынының адам ағзасына пайдалы екенін, адамның өз жасынан жас көрінуіне және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеді. Қымыздың әсерінен асқазан сөлінің бөлінуі жақсарады, тәбеті артады, астың қорытылуы жүйесі жақсы жұмыс істейді. Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр. Жаз айлары қымыздың көбейіп, арзандайтын кезі. Осы кездері ағзаларыңызға молырақ дәрумендер жинап, денсаулықтарыңызды жақсартып алыңыздар.
Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/3510/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Сағат 6:30, мен оянып, төсектен тұрамын.Сағат 6:35 мен жаттығу жасап, үйдің жанында 8 айналым жүгіруге дайындалып жатырмын. 6:46 мен жаттығу жасап және жүгіріп болдым. Тісімді ысып, жуынғалы жатырмын. Сағат 7:00, мектепке дайындалатын кез болды. 7:20 мектепке барар алдында таңғы ас ішетін уақыт.7:50 маған мектепке баратын кез болды. Күртешемді киіп, мектепте бара жатырмын. 8:30 сабақ басталады. 11:35 мен асханада тамақтанып отырмын.Бүгін бізде жеті сабақ.14:00 мектептен келемін. 14:15 түску ас ішемін.14:35 үй жұмысын қарауды бастаймын.Сағат 16:00, мен үй жұмысын орындап біттім.16:10 таза ауада серуендейтін уақыт.16:30 мен таза ауада серуендеп келіп, анама көмектесе бастаймын, яғни үй жинаймын.19:00 отбасыммен кешкі ас.20:00, бұл уақытта мен өзімнің сүйікті кітаптарымды оқимын.22:40 ұйықыға дайындалып, тісімді ысып, жуынамын. 23:50 ұйықтайтын уақыт та болды.Мен ертең ерте тұру үшін және өмірімнің осындай тағы бір күнін өткізу үшін, ұйықтағалы жатырмын
түсінбедім сурет жоққой