Колледж – жоғары немесе арнаулы орта білім беретін оқу орны. Дүние жүзінде колледждің 3 түрі бар: 1) жоғары білім беретін колледж; 2) орта және жоғары оқу орындарының аралығындағы колледж; 3) орта білім беретін колледж. Колледждер көбінесе, музыка, бейнелеу, би өнерлерімен байланысты ашылады. Колледж факультет ретінде университет құрамына кіреді, немесе жоғары оқу орындары сияқты дербес болады. Қазір Қазақстанда экономика, құқық, бизнес, музыкалық, педагогикалық колледждері бар. Олардың кейбіреулері арнаулы мамандық беретін дербес орта оқу орны болып есептелсе, ал кейбіреулері жоғары оқу орындарының (университеттер мен академиялардың) құрамдас бөлігі болып саналады. Оны үздік бітірген түлектер жоғары оқу орындарына сынақсыз алынады. Колледждерде оқу ақылы түрде жүргізіледі.
Объяснение:
ПОСЛОВИЦЫ О ТРУДЕ
1. Еңбек ер атандырады.
(Труд героем сделает).
2. Еңбек – ер азығы, жауын – жер азығы.
(Труд человека питает, дождик землю орошает).
3. Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
(Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт).
4. Еңбек патшалықты асырайды
(Труд целые государства кормит).
5. Еңбек шаhар түзетеді, еңбексіздік оны жүдетеді.
(Труд города украшает, лень их в пустыню превращает).
6. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
(Отец богатства – труд, мать богатства – земля).
7. Еңбексіз іс бітпейді, еріншектің қолы жетпейді.
(Без труда не завершишь дела, а у лодыря до дела руки не доходят).
8. Еңбек ептілікті керек етеді.
(Труд любит умение).
9. Ауыр болмай, жеңіл болмас, еңбек етпей, өмір болмас.
(Без тяжелого легкого нет, без работы жизни нет).
10. Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
(Жизнь обучает, а труд закаляет).
11. Еңбексіз өмір – түтеген көмір.
(Жизнь без труда, подобна тлеющим углям).
12. Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.
(Пока есть силы, трудись, будет на что тебе в старости жить).
13. Сабыр мен еңбек бәрiн жеңбек
(Терпение и труд всё перетрут).
14. Еңбек ет те, мiндет ет.
(Сперва потрудись, потом возгордись).
15. Жақсы жұмыс – жанға тыныш.
(На душе покой всегда от хорошего труда).