М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
cooldasha11042
cooldasha11042
12.02.2021 05:23 •  Қазақ тiлi

Менін қазақстаным әлемдік арена кластер


.

👇
Ответ:
dashenkasemuynn
dashenkasemuynn
12.02.2021

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік алысымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа өзін танытуға белсене кірісті. Осы мақсатта еліміз халықаралық беделді ұйымдардың жұмысына араласа бастады. ҚР Президенті Н.Назарбаев түрлі ха­­лықаралық ұйымдар мінберлерін Қазақстанның бейбітсүйгіш сыртқы сая­сатын, реформаларға негізделген ішкі саясатын насихаттау, таныстыру жолында пайдаланды. Қазақстанның халықаралық беделінің өсуіне оның әлемдегі 4 орын алатын ядролық қуатттан өз еркімен бас тартуы ықпал етті. Өзін ядролық қарусыз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан 1992 жылдың 22 мамырында Лиссабон шартына қол қойды. Елдің бейбітшілікті нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға бағытталған қадамдарын әлемдік басым державалар қызу қолдады. Пацифистік идео­логияны ұстанған Қазақстан өз жерінде Кеңес Одағынан мұра болып қалған жаппай қыру қаруларынан 90 жылдардың ортасына дейін толық құтылды. Әлем халықтары Қазақстанның бей­бітсүйгіш саясатының куәсі болды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Қазақстан жаһандық тұрақсыздық заманында өр­кениетті адамзаттың мүдделерін, мақсат­тарын үйлестіретін ең беделді халықаралық ұйымның 168-ші мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Молдова, Әзербайжан, Армения сияқты бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттермен қоса Сан-Марино Респуб­ликасымен бірге кірді. Осы толығудан кейін БҰҰ мүшелерінің саны 168-ден 176 мемлекетке дейін өсті. БҰҰ Бас Ассамблея­сы өзінің 46 сессиясында күн тәртібіндегі 20-пунктті қарап, аталған тоғыз мемлекетті өзіне мүше ретінде таныды. БҰҰ Бас Хатшысы шешім қабылдағаннан соң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруді сұраймын» деген сөзінен кейін Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы БҰҰ ғимаратында желбіреді. 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Прези­денті Жар­лығымен ҚР БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы Ақмарал Хайдарқызы Арыс­тан­­бекова тағайындалды. 1992 жылдың 5 мау­сымында ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бас­тап кетті. Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен ҚР Президенті тұңғыш рет сөз сөйледі. Қазақстан адамзаттың тағдырының ортақтастығын ұғынатын, демократия принциптерін ұстанатын мемлекеттер қатарына қосыламын деп жариялады. Ел өзі басшылыққа алатын Конституциясын, заңдары мен нормативтік актілерін түгелдей халықаралық құқық нормалары мен әлемдік гуманистік принциптер талаптарына сәйкестендіруге бетбұрыс жасады.

4,4(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
тикон3
тикон3
12.02.2021
Астана - туристер үшін тартымды және елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасайтын заманауи қала.

1998 жылы бірқатар себептер бойынша Астана жаңа Қазақстан астанасы болды. XX ғасырдың соңына қарай, осы елдің бұрынғы астанасы - Алматы - қаланы одан әрі дамытуды тежеп отырған проблемалар кеудеге тап: толып проблемасын (1,5 миллионнан астам тұрғыны.); автокөлік жолдарының жүктемесі; қоршаған ортаның нашарлауы. Сонымен қатар, «Оңтүстік астананың» тығыз ғимараты іс жүзінде қаланы заманауи дамытуға мүмкіндік бермеді.
4,5(32 оценок)
Ответ:
Алекс23102027
Алекс23102027
12.02.2021

Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат, үлкен дарын, сарқылмас шабыт, мол парасат, шалқар ой, терең сезім иесі, гуманист жазушы. Оның проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің зор қазынасы. Бұл өмірбаянда жазушы шығармаларының бәріне баға беру мүмкін емес, алайда түсінігіміз үстірт болмау үшін Әуезовтың өмірбаяны, 1917-18 жылдары жарияланған мақалалары, «Еңлік-Кебек», «Абай жолы» және Абай туралы жазған ғылыми еңбегі жөнінде кейбір ойымызды ортаға салмақпыз.

Жас шағынан үнемі үйрену, іздену үстінде – қоғам қайреткері, педагог, жазушы, аудармашы болып көрінген Мұхтар Әуезов өмірінің ақырына дейін осы салаларда қажымай еңбек етті. Батыс, Шығыс классиктері, қазақ халқының ұлы демократтары үлгі алды. Оның ойы сараланып, сөз шеберлігі арта түсуіне әсіресе Абай игі әсер етті.

Бір-біріне қара-қарсы екі түрлі қоғам өмірінің қос қыртыс аралығында әдебиет дүниесіне келген Мұхтар Әуезов өмірбаянында алғаш жазған көркем шығармаларының өзімен өрелі, байсалды, дарынды жазушы екенін аңғартқан еді.

4,6(44 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ