М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Анёк11
Анёк11
01.01.2020 23:59 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма.Оқылым мәтіні. Оқылым алды тапсырмасы. Мәтінді мұқият оқы, негізгі, қосымша ақпаратты анықта. «БУККРОССИНГ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?!

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.

Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген екен. Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын, кітаптың орыны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» акциясы туралы естуіңіз бар ма? Толығырақ айтқанда, акцияның негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады. «Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
elenka421
elenka421
01.01.2020
  Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбе өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады. Еуразияның асыл белдігі сияқты Ұлы Даланың орасан зор аймағын қамтитын Ақтөбе жерінің тау-тасы мен өзен-өткелі, көлі мен шөлі, киелі топырағы небір тарихтың, осы құрылықты мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, маңдайына жазылған талай тағдырлардың, небір қанкешулер мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақытты дәурендердің куәсі болғанына дау жоқ.      Сонау Алтай бөктеріндегі киелі Өтікеннен өрбідік дейтін көк түркілері адамзат тарихында бірінші боп ат жалын тартып мініп, бірінші боп тегермешті ойлап тауып, арбаға қос артқалы жайлы қоныс, жаңа жұрт іздеген жұрттың бірнеше мәрте батысқа маңдай түзеп, үдере көшкені анық. Соның адамзат есінде қалғаны Халықтардың Ұлы Көші десек, ғасырлар бойғы ұлы дүрмектің бәрі дәл осы өңірді айналып өте алмаған. Ақтөбе өңірімен өтпеген көш о кезде сиреп үлгермеген Сібір ормандарына, не болмаса, Хазар теңізіне (Каспиге) барып тірелер еді.      Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Ақтөбе жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес. Әлі де солай...
4,7(79 оценок)
Ответ:
нананавай
нананавай
01.01.2020

Тұмар ханым-күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

4,4(18 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ