5-тапсырма. Төменде берілген тәмсілді оқып шығып, өзінді қалай қабылдайтының, өмірдегі өзіңнің жүрек қалуың туралы ойыңды таратып жаз.
Өзінді қабылдау
Сіз тек өзіңіз ғана бола аласыз. Сіз ешкім де бола алмайсыз. Өмір сүру
үшін сіз осы қалпыңызда керексіз.
Бір күні патша баққа келіп солып және саргая қурап бара жатқан
бұталар мен ағаштарды, гүлдерді көреді. Емен өзінің қурап бара
жатқандығын қарағайдай биік еместігінен деп айтады. Қарағай өзінің жүзім
сияқты жеміс бере алмағандығынан қураймын деді. Ал жүзім болса раушан
гүліндей гүлдей алмағандықтан осындай күйге жеткенін баяндайды.
Аралап жүріп патша адамның жүрегін қуантатын, гүлдеген, балгын бір
өсімдікті көреді. Таң қалған патшаның сұрағына ол былай деп жауап береді:
Сен мені еккенде қуану үшін ектің ғой, сондықтан бұл менің көз
қуантып гүлдеуім дұрыс деп есептеймін. Егер сен емен, немесе қарағай, не
жүзім еккің келсе – сен соларды егер едің. Сондықтан мен басқа ешнәрсе де
ешкім де бола алмаймын. Мен өзімнің ең жақсы қасиеттерімді дамытуға күш
саламын. Сен өмір сүру үшін осы жерге келу себебің де осыған байланысты —
ген керексің! Егер олай болмаса бұл жерде басқа біреу болар еді.
Сен — өте маңызды, қажетті, ерекшеліктің көрінісісің. Қазір өмірге өз
лесіңді қосу үшін сен осындасың. Өзіңе қарашы. Сен тек өзің ғана бола аласың
.. басқа болу мүмкін емес.
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Объяснение: