Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша а ң арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың (социализм-коммунизм) орнатудың бағдарламасын жасады. Жұмысшы табын
Объяснение:
го лучее ответ
«Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?» тақырыбына диалог құрастыру.
Тілші: Сәлеметсіздер ме, құрметті телекөрермендер! Назарларыңызға еліміздегі «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының төрағасы Серік Амантайұлымен «Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады» деген сұхбатымызды ұсынамыз.
Құрметті, Серік Амантайұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да еліміздің туристік ахуалына ерекше назар аударған болатын. Соңғы жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Сіздің ойыңызша, еліміздегі туризмді дамыту үшін қандай іс – шараларды қолға алу керек?
Серік Амантайұлы: Менің ойымша, алдымен визасыз режим тізіміндегі елдер тізімін арттыру қажет. 2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға азаматтары визасыз кіре алатын мемлекеттердің тізімі 12 елмен толыққан еді. Бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын.
Тілші: Демек, туристерге ашық, қолайлы мемлекеттің бар екенін барлық жерде насихаттау қажет.
Серік Амантайұлы: Ия, дұрыс айтасыз. Еліміздің туристік әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақ туризм» компаниясы құрылған болатын. Біздің басты міндеттеріміз – шетелде Қазақстанды насихаттау және туризм саласына инвестиция тарту.
Тілші: Халық¬аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Жалпы, еліміздегі туризмнің жағдайы мен болашағы туралы не айтасыз?
Серік Амантайұлы: Туризм соңғы жылдары ең табысты бизнестің біріне айналып отыр. Қазақстан аумағында өткізілген ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі туризм саласын дамытуға зор үлес қосты. Еліміздің бірегей мәдениеті мен табиғаты, ұлттық тағамдары мен сусындары – осының бәрін туристтерге еасихаттауымыз керек.
Тілші: Серік Амантайұлы, сұхбатыңызға үлкен рахмет!