Әлем тыныштығын сақтау үшін елдер арасындағы татулық, бірліктің болуы маңызды. Әрине, әрдайым татулықта өмір сүру оңай емес, әсіресе мемлекет арасында. Бірақ оладамдарға да байланысты. Адамдардың толерантты болуы, өз елімен ғана шектеліп қоймай, басқа елдерді де, олардың таңдауын да құрметтеуі.
Қазір,21 ғасырда көптеген мемлекет туәелсіз өмір сүреді, және келешекте де осылай болғанын қалаймын. Елдердің тату болуы дамуына да жақсы әсер тигізеді деген ойдамын. Себебі тату елдер бір біріне көмектессе, тез көркемдеп, тәунлсіздік мәңгілік болады. Соғыс шығарғаннан ештеңе шықпайды, ғимараттар қирап, адамдар зақымдалғаннан ешкімге пайда жоқ және бұны ойлаудың өзі қорқыныш туғызады.
Татулық, бірлік, ұйымшыл болу көп нәрсені шешеді. Осылайша әлем тыныштығы орнайлы
(өзім жаздым, гуг*дан емес:)
Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.
Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.
Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.
Туған жер – алтын бесік
Менің туып-өскен жерім, кіндік қаным тамған жерім – ауылым. Ауыл деген, ойпырым-ай, еске түссе, көзден жас шығып, бетіңнен күлкі кетпес! Балалардың у-шуы, кемпір-шалдың дүбірі, сарқыраған су, табын-табын жылқы шабуы әлі де есімде...
Шіркін, әжем айтқандай, «Өткен өмір - соққан жел» деп, биыл, міне, мектеп бітіріп, азамат болдым. Енді бірнеше жылдан соң жоғары білім алып, өз мамандығым бойынша жұмыс істемекпін. Міне, кешегі көбелек қуған қазақтың қара домалақ баласы бүгін ер жетіпті.
Мен атам мен әжемнің қолында өскендіктен бе, әлде ... кім білсін?! Туған жер дегенде кешегі шал-кемпірлерім есіме түседі.
Жаздыгүні бір қызық... Атам таң атпастан ат жегіп, бізді оятатын. Мен сіңлім екеуіміз созылып-керіліп оянғанша, күн сәскеде. Әне-міне дегенше киініп, ат үстінде (яғни ат арбаның үстінде) саяхатқа дайын отырамыз. Атамыз өзінше жоспар құрып, ауылдың ана шеті мен мына шеті бойынша карта жасайды. Ең бірінші біз жидек жинауға барамыз. Жол-жөнекей ән айтып, жолда кездескен зираттарға құран қайтарып, шілікке де жетеміз. Шілік дегеніміз жидектің тұнып тұрған жері еді. Сол жерде қымыз дәмін шығаратын шөптен де аламыз. Жидек жинаған тағы бір қызық. Менің анам қатал адам. Неге екенін білмеймін, мүмкін сіңлім екеуімізді жалғыз өсіргендіктен. Әйтеуір бір жидекті аузымызға түсірмейді. Сонда марқұм атам жидекті тақиясына жинап, шөптің арасына тығып қояды. Түгеліміз жиналып, енді атқа отырар кезде, ол тақиясын алып шығып бізге беретін.
Келесі карта бойынша қарақат теруге барамыз. Бұл жерде, әрине, аузымызға біраз нәрселер түсетін. Себебі, қарақаттың биіктігі жидекке қарағанда тығылуға болатын. Мен тығылып, қарақатқа жақсылап тұрып, тойып алып қып-қызыл аузыммен шығамын. Сонда қарақат жинаған шелегім тап-тақыр бос. Әрине, анамнан біраз сөз еститінмін, бірақ қарын тоқ болғасын, оны уайымдайтын Медресегүл қайда?! Сонымен одан әрмен жылжығасын біз үш құдыққа да жетеміз. Сонда Үш құдық дегеніміз қазіргі артезиан, бірақ үшеуі де бір өзенге тоғысқан. Сол жерде шомылып (атам да жасы сол кезде 78-де болса да, бізбен бірге шомылып), доп ойнайтынбыз.
Шынымен, «жас кезінде бір бала, қартайғанда бір бала» деген осы. Атамның бетіндегі күлкісі әлі есімде.
Кеш бата біз ауыл сыртына жақын келгенде, атам шалғысын алып, малға шөп шауып алатын. Сонымен күн ұясына батқасын үйге өлердей шаршап қайтамыз. Бағанағы тақиясын шешкен атам түгелімізді күлдірді. Өйткені жидек тергенде, жидектің қызыл түсі тақиясында қалып, атамның басы қып-қызыл болды. Көрші-қолаң, көшедегі балалар атамды «қызыл бас» деп атап кетті.
Міне, бұл менің өмірімдегі және ауылымдағы бір күндік оқиғасы. Сондықтан ауыл, қария, кемпір-шал деген сөздер менің есіме бүкіл өмірімді, туған жерімді түсіреді. Бұл менің балдай тәтті бала кезім. Туған жерге деген ыстық сезім, ауылымның елесі, алтын бесіктей табиғаты әлі де көз алдымда...
Объяснение:
Келешекке кемел қадам басқан кез келген елдің арман-мұраты, мақсаты мен тілегі халқының бейбіт те тату тіршілік етіп, тыныштықты өмір сүруі екені даусыз. Бейбіт өмір – береке-бірліктің бастауы. Бұл болашаққа нық қадам басып, өркениет биігін еңсеруге жол ашады. Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген мақал осы орайда айтылса керек.
Әрбір ұлт, әр халық бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруді қалайды. Ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігі. Тарихқа қарасақ, адамзат небір сұрапыл зардапты кезеңдерді бастан өткерді. Жазықсыз жандар жапа шекті. Бұл құбылыстар татулық пен бірлік кеткен жерде берекесіздік жайылатынын айқын аңғартады. Бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлемнің, оның ішінде Қазақстанның да алдына – ел тұтастығын, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен рухани бірлікті сақтап, бейбітшілік үшін жан аянбай күрес жүргізу міндеті шықты.
Өткенге көз салмай, болашаққа батыл қадам жасау мүмкін емес. Ел тарихына көз салсақ, тағдырдың талай ауыртпалығын, қиын-қыстау кезеңдерді, ашаршылықты бастан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бірлікпен ғана бүгінгі ұрпағына осындай бейбіт те мамыражай заманды мирас еткенін көреміз.
Өз заманының абызы атанған Қабылиса жырау өзінің бір толғауында:
Бақыт қайда барасың?
Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын, – деп жырлаған екен.
Кез келген елдің, ұлт пен ұлыстардың ұлы мұраты да осы – татулық, ұйымшылдық пен бейбітшілік. Бұл ізгі тілек-ниет бабамыздың осы бір жыр жолдарында жазылып, баршамыздың санамызға сәуле құяды.
Задында, бейбітшілік пен рухани бірлік ұғымы – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттердің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деген сөзі кешегі тарих пен бүгінгі бейбіт заманды ұштастырады. Тағы да тарихты сөйлетсек, қазақ жеріне келіп-кеткен әр замандағы ғалым-ғұламалар, саяхатшылар, зерттеушілер пен елшілер өз естеліктерінде халқымыздың ынтымақ сүйгіш, бейбітшіл ел екенін ерекше атап жазады.
Осы асыл қасиеттер еліміздің егемендігіне де үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде ынтымағы жарасқан Қазақстанның әлемде татулық пен бейбітшілікті сақтау ісінде үлгі боларлық ел екеніне күмән жоқ.