11 желтоқсан – Халықаралық тау күні қарсаңында Қазақстан жеріндегі ең үлкен, танымал таулар туралы біршама деректерді бере кетуді жөн көріп отырмыз. Сарыарқа – Орталық Қазақстанда орналасқан. Батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға созылып жатыр. Орташа биіктігі – 500-600 м. Сарыарқа солтүстігінде Батыс-Сібір жазығымен, оңтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақ Дала шөлімен, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектеседі. Сарырқаның негізгі жауһары – Бурабай шипажайлық аймағы. Жергілікті тұрғындар бұл жерді "қазақстандық Швейцария" деп атайды.
Қазақстанның биік таулы өлкелеріне:Алтай,Оңтүстік Алтай,Батыс немесе Кенді Алтай,Жоңғар таулы өлкесі,Тянь-Шань таулы өлкесі жатады. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындығы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар(Жетісу) Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады.Бұл таулардың барлығы палеозой қатпарлықтарында көтеріліп,мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған.Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді