М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
123654789e
123654789e
05.10.2021 20:58 •  Қазақ тiлi

1. Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? Сколько представители наций проживает в Казахстане? А) 150 ұлт өкілдері Б) 500 ұлт өкілдері В) 130 ұлт өкілдері Г) 10 ұлт өкілдері 2.Болымсыз етістіктің жұрнағын тап. Найди оканчание отрицательного формы глагола. А) –ған,-ген,-қан,-кен; Б) –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; В) –қа,-ке,-ға,-ге; Г) –қы,-кі,-ғы,-гі. 3. «Атамекен» әнінің әнін жазған кім? Кто написал музыку песню «Атамекен»? А) Роза Рымбаева Б) Қайрат Нұртас В) Ескендір Хасанғалиев Г) Мадина Садуақасова 4. Мұхтар Мағауин қайда және қашан дүниеге келген? Где и когда родился Мухтар Магауин? А) 1940жылы 2 ақпанда Семей облысында Б) 1960 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында В) 1980 жылы 15 ақпанда Орталық Қазақстанда Г) 1941 жылы 2 ақпанда Семей облысында 5. Мұхтар Мағауин қандай сыйлықтың лауреаты? Мухтар Магауин лауреат какой премии? А) Зерде Б) Қыран В) Оскар Г) Тарлан 6. «Бір атаның балалары» повесінің кейіпкерлерін тап. Найди персонажей повести «Бір атаның балалары». А) Дәуренбек, Ахмет шал, Сабырбек,Асылан Б) Зигфирд, Асқар, Яков, Тамара В) Дәуренбек, Ахмет шал, Зигфирд, Ертай,Нартай, Яков,Рашид Г) Ертай,Нартай, Яков,Рашид, Қайрат, Марат 7. «Жерұйық» фильмінің басты кейіпкері кім? Кто главный герой фильма "Жеруйык"? А) Оралбай Б) Орынбай В) Орынбасар Г) Оралтай 8. Атау септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в именительном падеже. А) Әлия Б) Серіктен В) Ленаның Г) Арманға 9. Ілік септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в родительном падеже А) досым Б) Сәуленің В) мұхитта Г) інім 10. Жатыс септіктің тұрған сөзді тап. Найди слова в местном падеже. А) үйлер Б) үйші В) үйде Г) үйге

👇
Ответ:
beatsdol
beatsdol
05.10.2021

Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? Сколько представители наций проживает в Казахстане? А) 150 ұлт өкілдері Б) 500 ұлт өкілдері В) 130 ұлт өкілдері Г) 10 ұлт өкілдері 2.Болымсыз етістіктің жұрнағын тап. Найди оканчание отрицательного формы глагола. А) –ған,-ген,-қан,-кен; Б) –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; В) –қа,-ке,-ға,-ге; Г) –қы,-кі,-ғы,-гі. 3. «Атамекен» әнінің әнін жазған кім? Кто написал музыку песню «Атамекен»? А) Роза Рымбаева Б) Қайрат Нұртас В) Ескендір Хасанғалиев Г) Мадина Садуақасова 4. Мұхтар Мағауин қайда және қашан дүниеге келген? Где и когда родился Мухтар Магауин? А) 1940жылы 2 ақпанда Семей облысында Б) 1960 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында В) 1980 жылы 15 ақпанда Орталық Қазақстанда Г) 1941 жылы 2 ақпанда Семей облысында 5. Мұхтар Мағауин қандай сыйлықтың лауреаты? Мухтар Магауин лауреат какой премии? А) Зерде Б) Қыран В) Оскар Г) Тарлан 6. «Бір атаның балалары» повесінің кейіпкерлерін тап. Найди персонажей повести «Бір атаның балалары». А) Дәуренбек, Ахмет шал, Сабырбек,Асылан Б) Зигфирд, Асқар, Яков, Тамара В) Дәуренбек, Ахмет шал, Зигфирд, Ертай,Нартай, Яков,Рашид Г) Ертай,Нартай, Яков,Рашид, Қайрат, Марат 7. «Жерұйық» фильмінің басты кейіпкері кім? Кто главный герой фильма "Жеруйык"? А) Оралбай Б) Орынбай В) Орынбасар Г) Оралтай 8. Атау септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в именительном падеже. А) Әлия Б) Серіктен В) Ленаның Г) Арманға 9. Ілік септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в родительном падеже А) досым Б) Сәуленің В) мұхитта Г) інім 10. Жатыс септіктің тұрған сөзді тап. Найди слова в местном падеже. А) үйлер Б) үйші В) үйде Г) үйге

4,8(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dogi2008
Dogi2008
05.10.2021
Лови (1845—1904)         Абай    Құнанбаев    1845      жылы   бұрыңғы   Семей   уезі, Шынғыс   болысында   (қазіргі       Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында)   дүниеге         келген. Абайдың әкесі Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша   хат   таниды.      Абайды   әкесі   он   жасында         Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.   Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб, парсы, шағатай тілдерін жетік біліп, Шығыс ақындарының шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін  әжесі   Зере   бәйбішеден,   халық   ақындары   Шөже, Бөйкөкше, Балталардан естіп, жастай жадында сақтады.Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен «Әзім әңгімесін» поэма етіп жазып, Бағдатта бояушы, суретші, алхимик Әзім атты жігіттің басынан кешкен уақиғасын баяндайды.
4,6(48 оценок)
Ответ:
ezio19
ezio19
05.10.2021
Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист ғалым.
Туған жері Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру үшін аты жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Махмұд Қашқари «Диуани лұғат ат түрк» атты еңбегінде Фараб қаласының түрікше аты «Қарышоқы» деп көрсетеді.
Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. СОл кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді.
Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары да ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме», « Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері», «Астрология», «Китаб әл мусики әл кабир» секілді әрқайсысы бір бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар. Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл Фарабидің қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі (он үш қолжазба) бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.
Өмірінің соңына қарай Әл Фараби Мысыр, Шам, Халеб қалаларында болып, ақырында Шам шахарында келіп, сонда тұрақтайды. Осында қайтыс болады. Оның денесі Шам шахарының Кіші қақпа (Баб ас Сағир) жағындағы зиратқа қойылады.
Әл Фарабидің ісін жалғастырған, ғылымға берілген шәкірттері көп болған. Олардың ішінен, ең алдымен, Орта Азияның ұлы ғалымы Әбу Әли ибн Синаның (Авиценна) есімін атауға болады. Кейінгі кездегі шығыс ғалымдары оларды бөліп жармай «Қос Фараби» деп те атайды. Сондай ақ еңбектері ұлы ұстаз еңбектерімен сабақтасып жатқан ұлы ғалымдар Беруни, Бозжани, Омар Һайямдар да өздерін Әл Фарабидің шәкірттеріміз деп есептеген.
4,5(14 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ