Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
-Мұратбек үй тапсырмасын жаздыңба!- дегенде жаным орнына түсті. Екі көзім апайда, ал қолым болса шимайлатып жаттығу көшіруде. Ара-тұра дәптерге қарап қойам, соны апай байқады ма!
-Кім сен жалғастыра қойшКім ед...- деп жатқанын пайдаланып одан сайын жылдамдаттым. Апайдың саусақтары мені көздеп орнымнан тұрғызды. Қарасам сөйлемді де айақтап қалдым, зуылдатып оқып келе жатсам сөйлем айақталмаған, бір-екі сөз болар деген оймен кітапқа қарасам көршімнің сараңдығы ұстап қолымен басып отыр.
-Тууу..!-деп оған ашулы көздермен қарадым.
-Жарайды, отыр! - деді апай соны сезгендей...