8-тапсырма. Автордың кітап туралы ойларын мұқият оқы. Үстеу сөз қолданылған сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейін
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ой
лаудан да тыйылар едік»,
деген. Бүгінде кітапты таңдай білу,
оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу – нағыз өнер. Сон
шама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді
кейінгі өмірлік қажетіңе шама-шарқынша жарата білу қажет.
Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал сол ойдың жүйріктігін
жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да
екені ақиқат. Сондай-ақ оқыған кітабыңдағы айтулы кейіпкерге
кітап
Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен.
Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.