Бала күнімізде денешынықтыру сабағын ұнамайды деп айта алмаймын, дегенмен маған қиындықтар тудырғандықтан келеңсіз жағдайларға тап болатын едім. Бір күні мұғалім ертең дайындалып келіңдер, есектен, аттан секіреміз,-деді. Дала жауын-шашын күзді күн болатын, дайындалып келдім, әрине. Спорт залда киетін киімдер алмадым, өзіммен. Менен өзге оқушылар спорт залға бет алды, мен мұғалімнен есекпен аттан секіреміз демеп пе едіңіз дедім. Ол, ия, - деп спорт залға шақырды. Менің есек пен ат деп жүрген спорт құралдарының бір түрі екен . Осылай жұртқа біраз уақытқа дейін күлкі болғаным бар. Осыдан кейін алдыма анық мақсат қойдым. Тілді жақсылап үйрену, ана тілінен басқа тілдерді де, терминдері үйрену, спортқа қатысты да, басқа да, міндетті түрде спортпен шұғылдану. Секіруден биіктікке де қашықтыққа да, алдыма жан салмау. Барлығы арман, орындалды.
Тек қана, Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылыоқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы бекітілді. Тарихтан хабарыңыз болса, нақ осы кезең ел басына күн туған өте ауыр кезең еді. Сондықтан ата-аналар да, мемлекет те барлық оқушыларды бірдей формамен қамтамасыз ете алмады. Уақыт өте келе, мектеп оқушылары қызыл-қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүретін болды. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады. Мектеп формаларын кию заңды түрде қатаң бекітілгені соншалықты, 1920 жылдардан бастап, талапты орындамағандарға «халық жауы» деген айып тағылды. Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес Одағы мектеп формасына бірнеше рет өзгерістер енгізді. Нәтижесінде қыз балалар – мереке күндері қызыл-қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды. Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды. Оған қосымша қара және қызыл қоңыр түсті бантиктерді (шеру кездерінде ақ бантик) байлап жүруге талап қойылатын болған. Революцияға дейінгі формадан ерекшелігі: ұл балалардың тоғалы белдіктер мен былғары, күн қағарлы кепештердің қолдануы. Сонымен қатар, пионерлер - қызыл галстук,комсомолдар - кеуделеріне жұлдызша тағынатын болды. Сталиннің саясаты мектеп өміріне де әсер етпей қалған жоқ. Ол кездегі тәртіп бойынша, тіпті шаш сәнінің өзі бірыңғай болсын деген заң бекітілді. Ал шаш бояу туралы әңгімеге мүлде орын жоқ. Қыздарымызға бұрымдарының болуы және бантиктерін тастамауы міндеттелді.