ответ: ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, қ есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесі.
ғыдымның арғы тамыры 3500-3000 жыл бұрынғы ежелгі мысыр мен месопотамия өркениеттеріне барып тіреледі. олар , астрономия, медицина секілді ғылымдардың алғашқы кейпін жасап, 2600 жыл бұрын басталған грек табиғат философиясына, антикалық классикаға арқау болды. олар қ дүниені ондағы оқиғалардың табиғи себептері арқылы түсіндіретін дәстүр қалыптастырды. әсіресе ғылым тарихында түрлі ғылымдардың ең алғашқы зерттеу объектін бекітіп, жүйелі пайымдаудың алғашқы сынағын жасаған ұлы ойшыл аристотель дәуір бөлгіш рөл ойнады. бірақ рим империясының христиан дінін қабылдауы еуропада ғылымның құлдырауына алып келіп, қараңғы орта ғасыр 5 ғасырдан 15 ғасырға дейін жалғасты. осы тұста шығыстағы түркі, парсы, араб жұртынан шыққан ойшыл ғалымдар - әл кинди, әл-фараби, ибн сина, ибн рушд, омар хаиям секілді ұлы тұлғалар сол ежелгі ғылым мен аристотель салған жолды жылғастырып, ғылымды жаңа кезеңге шығарды. бірақ шыңғыс хан жорықтарынан кейін бұл талпыныс негізінен өшіп, мұсылман әлемі де ғылымы құлдыраған қараңғы орта ғасырға кірді.
15ғ бастап еуропада ренессанс сана жаңғыруын жасап, ғылымға жаңа көк жиек ашты. әсіресе астрономиядағы католик шіркеуінің мың жылдық өтірігін ашқан гелиоцентризмнен кейін ғылымның тасқынын ендіқайтып ешкім тоса алмастай болды. өнеркәсіп революциясының ғылым мен техникаға мұқтаждығы ғылымға жаңа күш бітірді.
хьюстонның жаратылыстану мұражайында динозаврлар көрмесі
заманауи ғылым үш негізгі тармаққа бөлінеді: жаратылыстану ғылымы (биология, , ұлы табиғатты зерттейді; қоғамдық ғылымдар (, психология, ә жеке мен қоғамды зерттейді; формалды ғылым (философия, логика, , теориялық компьютер ғ негізінен абстаркт ақылдық ұғымдарды зерттейді. мұнда формал ғылымды эмприкалық ғылымдар арасына қосуға қарсы пікірлер бар, кезінде аристотель оларды құралдық ғылымдар деп атаған. егер ғылыми білім практикалық қажетті көздесе, мысалы медицина инженерлік секілді, оларды қолданылмалы ғылым деп атайды.
ғылым зерттеуден тұрады, онда сәуегейлік, эмоция, қалау секілділер қабылданбайды. қазір академиялық ірі зерттеулерді мемлекеттік ұйымдар ірі қаржымен ұжымдық жүргізетін болды. ғылымның ілесіп, оның табиғаттағы ықпалының артуына ілесіп, ғылымның өзін қайта қарап, қа экологиялық тұтастық тұрғысынан жағымды нұсқасы қарастырыла бастады.
объяснение:
Менің елім, туған жерім – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Сонау ұлан-байтақ жері Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Осындай аймағы кең, қойнауы қазынаға толы әрі құнарлы жерімізге кімдер көз салмады десеңші?! Олар қазақ жерін басып алу үшін қаншама рет шабуыл жасап, елімізді тыныш қоймады. Бірақ мықты, батыл ата-бабаларымыз сыртқы жаудың қимылын бағып, талай рет тойтарыс беріп отырды. Сол батыр бабаларымыздың арқасында біз байтақ жерде, құт мекенде еркін көсіліп, жайланып жатырмыз. Қасиетті жеріміздің иесі – олардың ұлы ұрпақтары жетіп отырған бостандық туын биікке желбіретіп, ары қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.