М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Malika89551
Malika89551
21.10.2020 19:30 •  Қазақ тiлi

-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінде айтылғанпаратты жаз. «Кие» - қазаққа қанмен дарыған ұғым. Киелі дүниенің бәріне құрметпен
қарап, қадірлейміз. Қазақ баласы үшін Қазақстанның әр өңірі, тау мен тасы,
өзен мен көлі киелі. Киелі орындарға қазақ халқы ерекше құрметтейтін табиғат
ландшафтын, мәдени мұра ескерткіштерін, кесенелер, жерасты қалаларын,
сондай-ақ тарихи және саяси маңызды орындарды жатқызамыз.
2003 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мұра» тізіміне Түркістан қа-
ласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енгізілді. Бүгінгі таңда Қазақстан
Республикасының тарапынан аталған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерт-
кіштің сегізі Түркістан облысында орналасқан. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе,
Күлтөбе, Сабақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар ес-
керткіштері, Түркістан қаласы. Оңтүстік Қазақстанда киелі жер көп. Арыстан
баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта.
Арыстан бап кесенесінің жанында шипалы, тұзды сулы құдық бар.
Қазақтар Түркістан қаласын «екінші Мекке» деп атайды.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
очочов
очочов
21.10.2020

Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.

«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.

Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!

Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.

Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған а бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.

4,5(73 оценок)
Ответ:
ника5010
ника5010
21.10.2020

Сарбаз басқа әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, оларға қауіп-қатерден құтқаруға, оларға сөзі мен іс-әрекетінде көмектесуге, лайықсыз әрекеттерден сақтауға, өзіне және басқа әскери қызметшілерге қатысты дөрекілік пен қорлықтың алдын алуға, тәртіп пен тәртіпті сақтауда командирлерге (бастықтарға) және ақсақалдарға көмектесуге міндетті. Ол әскери сыпайылық, мінез-құлық, әскери сәлемдесу ережелерін, әскери киім киіп, айырым белгілерін сақтауы керек.

Объяснение:  

бұл ережелердің бірі

4,6(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ