Бата,бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
- Ойткени олар маган аз тамак, су береди. Бакырай беремин, ешким тусинбейди. Солай журе беремин. Балалар мени муйизинен тартады. Адмадар мени сога береди. Содан менде жаралар коп болады. Бирак кобиси кетеди. Кейбиреуи соншама катты соккан, бир жылга дейин калатын жаралар. Адамдар сол жараны корип, бари мен анкау болып, секире беремин деп ойлап журеди, - деди сынар муйиз ешки.
- Кой, олай айтпа. Ал менде бари жаксы. Маган коп шоп, су береди. Менен сут алса, мен дым "канк" демесем, онда мени еркелетеди. Балаларымда да бари жаксы. Олар да акылды болып журеди. Калай сонда сени соншама жаман айналасады?,- деп айтты сиыр.
Ешки коп ойлап, неге соншама жаман олмен айналасады, ал сиырмен жаксы? Коп ойлап, жауабында тапкан жок.