Менің қалам – Шымкент.
Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Түркістан облысының орталығы.
Тұрғыны шамамен 1 млн адам (2018 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 2-ші орында (Алматыдан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.
Елбасымыз Шымкетке кезекті сапарларының бірінде «Шымкент — сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы — Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады!» деген болатын. Менің қалам күн санап, көркейіп, үрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді.
Шырайлы Шымкент қаласы мәдени, тарихи - танымдық орындарға бай. Мәселен, қаладағы «Қасірет», «Даңқ» мемориалдары, «Тәуелсіздік» саябағы, «Шәмші» аллеясы тек мәдени демалыс орындары ғана емес, ұлттық құн¬дылықтарымыздың қадір-қасиетін танытатын, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірегей танымдық кешендер. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром бар.
Нағыз қазақилық пен салт – дәстүрдің орталығы саналатын Шымқалада дүниеге келіп, осы қаланың тұрғыны екенімді мақтан тұтамын.
менің досымның аты ол өте мейірімді жан. ол өте ақылды және әдемі. ол әрдайым маған көмекке келеді. бірақ әр адамның кішкентай болсын жаман қасиеті бар . Бірақ мен оны сондада жақсы көрем . себебі ол менің ең жақын досым.