«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Тараз — Талас өзенінің бойында орналасқан тарихи қала.Бұл қаланың 2000 жылдық тарихы бар.
Тараз қаласының бойтұмары- Қарахан мен Айша күмбездері.Аңыз бойынша,Айша Бибі Қараханмен Түркістанда кездеседі.Кейін екеуі бір- бірін ұнатып қалады.Бірақ, жаугершілік заман болғандықтан,Қарахан Айша Бибіге бара алмай қалады.Ал Айша Бибі оны іздеп,Таразға жолға шығады.Ұзақ күн жүрген соң,Таразға келіп жетеді.Шаршаған соң маужырап ұйқыға кетеді.Сол кезде оны улы жылан шағып алады.
Сосын Айша денесін у жайлап,Қараханға хабар береді.Бірақ Айша қайтыс болады.Содан соң хан оған «Айша,сен енді Бибі болдың» деп,3 рет ай
Осыншама 2000 жылдық тарихы бар Тараз осы аңызбен де әйгілі.
Сын есім- тарихи, ерекше,жас, жаугершілік,уәделі,жұмсақ, ұзақ,өлі,улы.