Көңілді 2. Мәтінді оқы.
пысығы
ғылысып, жарқ-жұрқ етеді.
қара бала.
Талап
тегілді. Қатар-қатар үйілген төмпешік күм жоталанып жа-
Кеше машинемен аулаға теңіздің ақ қиыршық құмы
тыр. Балалар кешеден бері мәз-мейрам. Шымыр денелі,
кішкентай Нұрталап. Таудай құмның бауырын-
да екі ғарыш кемесі тұр. Біреуінде «Сұңқар», екіншісінде
«Аққу» деген жазу бар. Кемелердің бүйірлері күнге шA-
Нұрталап қаматов қайсың? – деп сұрады арнаулы ба-
қылау аппаратында отырған Задагүл.
Мен!.. - деді үстіне ғарышкер киімін киген өткір көзді
Дәрігер ғарышкердің жүрегін тыңдап, тынысын байқады.
Сонан соң ауланың ортасындағы өткеншекке айналдырып
сынады. Нұрталап сыннан бөгетсіз өтті.
- Жарайсың!.. деді Задагүл. - Қандай қиыншылық
болса да, төтеп бере аласың.
Нұрталап дәрігердің ақыл-кеңесіне дән риза. Екі езуі екі
ғарыш кемесіне мінуге оңтайланып еді, «Нұрталап!» деген
құлағында. Масаттанып тұр. Достарымен қоштасқан соң
дауыс естілді.
Ол жалт бүрылып:
Ау! Мен мұндамын! - деді.
Апасы балконнан қарап тұр екен.
Мектепке баратын уақытың болып қалды. Үйге кір.
Жуын. Тамақтан. Бол, тезірек!
Нұрталап шешесінің шақырғанына қынжылып, қабак
шытты. Мұны байқаған Задагүл:
- Жарайды, бүгін демал! Ертең міндетті түрде ұшасың! -
деді.
Нұрталаптың жүзінен қуаныш сәулесі жарқ ете қалды.
Сағындық Турдалиев
• Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жаз.
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.