Біздің Ж
О
Б
М.
118
Сөйлемде оқшауланып тұратын сөздер
Сөйлем ішінде өзге мүшелерден оқшауланып тұратын
сөздерді жиі кездестіресің. Бұл сөздер сөйлем мүшесінің
қызметін атқармайды. Тек сөйлем мағынасын айқындауға
қатысады. Сондай сөздердің бірі – одағай. Одағай сөздердің
қандай құрамдық, мағыналық ерекшеліктері барын байқап
көрелік.
1. Құрамдық түрлері: негізгі (ау, па, әй, пай, беу); туын-
ды (бәрекелді, ойпырым-ай); күрделі (пай-пай, шөре-шөре ).
2. Мағыналық түрлері: көңіл күй (алақай, oh, қап); же-
кіру (тәйт, тек ); шақыру (көс-көс, қирау-құрау).
3. Одағай сөздер сөйлемде жай, қалыпты дауыспен айтыл-
са, үтір арқылы ажыратылады: Бәрекелді, өнерлі бала екен!
4. Одағай сөздер сөйлем ішіндегі басқа мүшелерден кө-
теріңкі, ерекше дауыспен айтылса, олардан кейін леп белгісі
қойылады: Алақай! Мен жүлдегер атандым.
• «Әдебиеттік оқу» кітабынан одағайы бар мәтін тауып, одағай
сөздерді құрамы мен мағынасына ажырат.
Оқшау сөздерге жататын қаратпа, қыстырма сөздердің біріне
осындай бет құрастырып көр. Ол үшін қаратпа және қыстырма сөздер-
дің мағыналық ерекшеліктерін зертте. Мысалдар келтір.
Дайындаған материалдарыңды сыныптастарыңның алдында қорға.
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.