Бүгін менің туған күнім.Менің көңіл күйім көтерінкі. Туған күніме достарым келеді.Менің достарым көп.Мен туған күніме ерекше дайындалдым,достарыма арнап әр түрлі ойындар ойластырдым.Менің анам неше түрлі тағамдар әзірледі.Анам маған арнайы үлкен ,әдемі торт пісірді.Менің анам дастарқанды неше түрлі дәмді дәмден толтырды.Кешке біздің үйге менің достарым келді..Олар мені құттықтап ,жақсы тілектер айтып,сыйлықтарын ұсынды.Туған күнімде мен достарыммен бірге ән айтып ,би биледім.Өте қызықты болды.,туған күнім ойдағыдай өтті.
Қыс.Даланы аппақ қар жапты.Анда-санда күн борап тұрады.Дала сондай бір тамаша күйге бөленген күйін айтсам сенбейсің, керемет көз жауын алады.Енді сол аппақ кілем үстімен жүрсең көңілің бір көтеріліп қалады.Шанамен сырғанау,шаңғы тебу,мұз үстімен жүру,қар үйін жасау сияқты қыс қызықтары жетіп жатырлық.Қыстың тағы бір көркі аққала. Аққала жасағанға не жетсін. Қыстың келгенін сол білдіреді. Аққаланы жасау оңай. Оны жақсы етіп безендірудің өзі бір ғанибет. Қысты сипаттап әңгімелеу сол мезгілді көз алдыңа елестету дегенмен бірдей. Осындай қызығы мол қысты қалай жақсы көрмейсің?!