Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.
Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.
Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған а бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.
Егер мен Сапабек болсам сондай тас жүрек болмас едім.Ата-анамды тастап, өзім жұмыс қуалап,сонау жыраққа кетпес едім.Керісінше әке-шешемді бағып, ауыл жұмысына көмектесіп, жұрт алдында күлкі болып отырмайтын едім. Елге ұнау үшін мақтанып, кеудемді қағып, жаңалығыммен жар салмас едім. Баламды әр жазғы демалыс сайын ауылға ата-апасының қолына әкеліп, әр іске шымыр, батыл қылып тәрбиелеймін! Сапабекті Ерғабыл ата мен Бағила апамыз тым ерке,өз бетімен өмір сүруге бағыттап жіберген секілді. Менің ойымша егер мен Сапабектің орнында болсам өмірімді түбегейлі өзгертіп, барынша мейірімді болып, ата-анамның жағдайын жасайтын едім
Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл а құрметпен бас иеді.
Объяснение:
Міне эссе Лучший ответь берш