Нұрсәуле рсалиева, қ.а.ясауи атындағы хқту тіл маманы нұрсәуле рсалиева мақсұтқызы зерттеу жұмыстарын і.есенберлиннің «көшпенділер» трилогиясының ағылшын тіліндегі аудармасына арнап, шығарманың орыс тіліндегі және орысша нұсқасынан жасалған ағылшын тіліндегі аудармаларының қазақ атына келтіретін залалды тұстарын таразыға салып, оның салмағының қаншалықты батпандап тереңде жатқанын ағымдағы баспасөз беттерінде баяндап келеді. бүгінгі ұсынылып отырған мақала да осы бағытта жасалған ізденіс нәтижесі. мұнда автор трилогия аудармаларының көркем шығарма аудармаларына қойылатын талаптар деңгейінен көріне алмайтынын нақты ғылыми дәйектерге негіздей дәлелдейді. мақала “сын: уақыт және қаламгер» деп аталатын қазақстан жазушылар одағының 2007 ж. алғаш жарық көрген әдеби-көркем сын басылымының тұсаукесер санында жарияланды қызыл империяға құлдық ұрған аударма (і.есенберлиннің “көшпенділер” трилогиясының орыс, ағылшын тілдеріндегі және орысша нұсќасы бойынша жасалған өзге тілдердегі барлыќ аудармаларын жарамсыз
Қыстың желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды. Сабаққа мезгілімен жүретін баланың да ертеңгі аяз есінен көпке дейін шығатын емес