Ауыспалы өткен шақ: құрылатын, таныстыратын, дәріптейтін, орындайтын, танытушы еді, ойнаушы еді, байқаушы еді, елестейтін, үлестіретін.
Бұрынғы өткен шақ: құрылған, таныстырған, дәріптеген, орындапты, танытқан, ойнапты, байқапты, елестеген, үйлестіріпті.
Болжалды келер шақ: құрылар, таныстырар, дәріптер, орындар, танытар, ойнар, байқар, елестер, үлестірер.
Мақсатты келер шақ: құрылмақ, таныстырмақ, дәріптемек, орындамақ, танытпақ, ойнамақ, байқамақ, елестетпек, үйлестірмек.
Мысал сөйлемдер:
Қонақ келгенде атам барлығын алдымен таныстыратын.
Інім кішкене кезінде түрлі заттардан үй құрастырып ойнаушы еді.
Біздің ұйым 2020 жылы құрылған.
Анам сарқытты барлығымызға бірдей етіп үйлестіріпті.
Амира айтқан тапсырманы уақтылы орындар.
Кешкісін үйде жалғыз болғанда байқарсың, есікті ешкімге ашпа.
Келесі жылы аймақта жаңа қоғамдық қор құрылмақ.
Мұражай қала тұрғындарын жаңа жәдігерлермен таныстырмақ,
Батыр Баян ер мінезді, батыр келбетті жан болғанымен, ол да адами қасиеті мол, сезімталдығы мен адалдығы, азаматтығы мен табандылығы бар адам. Өз мүддесінен халқының мүддесін жоғары қойып, өз бауырын құрбан етті. Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.