Жоспар құру керек/ Нужно составить большой план
Абай - Қазақтың ұлы ақыны
Абай - ақын, агартунны, философ, жазба әдебиетінің негізін
қалаушы, Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысының Абай
ауданында туған, Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болған, өз елінің беделді
аламы. Шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Өжесі
Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, халықтың ауыз
әдебиетімен таныстырып отырған. Молдадан 3-4 жыл оқығанда, зеректігі байқалы
әкесі оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға жібереді, Медреседе ол 4 жыл
оқығанда, араб, иран, Орта Азия классиктерінің шығармаларымен танысқан.
Әкесі Абайды ел басқару ісіне бейімдеу үшін оқудан қайтарып алады.
Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйрену үшін 3 ай орыс мектебінде оқиды. Абай
қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршы, онші-күйшілерімен жиі
кездесетін, өз халқының рухани мәдениетімен танысады, Озі де билер үлгісінде
шешен сөйлеуге жаттығады. Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен, бірыңғай
өлең жазуды 40 жасында бастайды, Абай Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловты
шығармаларын аударған. Абай озі аууларған Пушкиннің «Татьянаның әні» және
«Қараңғы түнде тау қалғып" деген өлендеріне ән де шығарған. Абайдың «Айтты
сәлем, Қаламқас", «Көзімнің қарасы» - қазір де халықтың сүйіп айтатын әндері.
Демек, Абай композитор да болган.
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.