М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Черпачок
Черпачок
30.12.2020 19:34 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар. «Фантастика» сөзі грек тілінен аударғанда «қиялдау» (phantasia), «қиял
өнері» (phantastike) деген мағынаны білдіреді. Бұл шындық өмірден ерек-
шеленетін табиғаттың тылсым күштері және жаңа техникалық құралдардың
ғажайып құпия-сырлары мен мүмкіндіктері туралы қиялдан туындайды.
Сондықтан фантастикада екі түрлі бағыт бар. Біріншісі орта ғасырдан бері
келе жатқан жердің асты мен үстіндегі сиқырлы, тылсым күштердің адамзат
өміріне ықпалын көрсететін бағыт. Екіншісі жаңа техникалық құралдар
арқылы жаратылыстың құпия сырларын пайдаланып, болашаққа болжам
жасайтын ғылыми басымдыққа ие бағыт. Осы бағытта жазған жазушы-фан-
тастардың болашаққа жасаған болжамдарының кейбірі шынайы өмірде орын-
далып жатқаны белгілі.
Ғылыми фантастика (ағылшынша «science fiction» - ғылыми болашақ) —
ХХ ғасырда көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер сала-
ларында қалыптасқан жанр. Ғалым К.Г.Фрумкин: «Ғылыми фантастика
техникалық, тарихи, әлеуметтік тұрғыда болғанымен, онда сиқыр күші
кездеспеуі тиіс. Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекші
орынға ие», - деген.
Ғылыми-фантастикалық шығармаларда міндетті түрде ғылыми-техни-
калық жетістіктердің адам өміріне әсері көрсетіліп, көбіне басқа ғаламшарға
саяхат пен аспан әлемінде орын алған оқиғалар, роботтар, жаңа технологиялар
сипатталады. Жаңа техникалық құрылғылардың пайда болуы және ғылым
саласындағы түрлі жетістіктердің нәтижесінде ғылыми фантастиканың жаңа
түрлері пайда болуда.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
valerijarukavitsona
valerijarukavitsona
30.12.2020
Әлімжан осы демалысты ұзақ күтті, өйткені ол демалыста ауылға ата - әжесіне баратынын әкесінен естіген болатын. Міне тағатсыздана күткен күн де келді, ол ата - анасы және кішкентай қарындасын алып ауылға тартты. Ауылға кіргені сол- ақ еді ауыл шетіндегі футбол ойнап, асыр салып жүрген достарын көріп, әкесінен сол жерде қалдыруды өтінді! Баласының көңілін қимаған әкесі шуласып жүрген балалардың қасына қалдырғанымен үйге барғанша немересін сағынып күтіп отырған атасына не айтарын ойластырып барды. Сөйтсе Әлімжан ауылдағы ата - әжесін ғана емес достарында қатты сағыныпты.
4,7(79 оценок)
Ответ:
Aind1
Aind1
30.12.2020
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
4,4(63 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ