Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тест сұрақтары
Сыныбы: 6Г
Тоқсан: ІҮ
1. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды көрсет:
А. Бірақ, алайда, дегенмен, әйтседе
Ә. Мен,бен, пен, және, да,де,та,те
Б. Өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан
2. Абай өлеңді неше жасынан бастап шығарған?
А. 12 жасынан
Ә. 18 жасынан
Б. 10 жасынан
3. Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдерін көрсет:
А. Ғылым таппай мақтанба, Жазғытұры
Ә. Қыс, Жазғытұры, Күз, Жаз
Б. Әсемпаз болма әрнеге, Қараша, желтоқсан сол бір-екі ай.
4. Теңеуді тап.
А. Ақ киімді, ақ сақалды
Ә. Кәрі құдаң, ақ қырау,
Б. Бұлттай , ұшпадай, борандай
5. Абай қысты кімге теңеген?
А. Кәрі құдаға
Ә. Бұлтқа
Б. Кәрі әжеге
6. Сөздердің орын тәртібі дұрыс құрылған сөйлемді көрсет.
А. Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған.
Ә. Кең тараған ою –өрнек қазақта.
Б. Ою-өрнегі қазақтың көрсетеді талғамын биік.
7. Зергерлер не жасаған?
А. Сырға, сақина, алқа, білезік
Ә. Ат-әбзелдері, құрал-саймандар
Б. Сырмақ, тұскиіз, жиһаз
8. Әшекейді қандай мақсатпен таққан?
А. Қыз бала сән-салтанатта өссін!
Ә. Тіл-көзден сақтасын.
Б. Қолы өнерлі болсын!
9. Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінде қандай ою түрі айтылады?
А. «Көбелек» өрнегі
Ә. «Қошқармүйіз» өрнегі
Б. «Гүл» өрнегі
10. Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» шығармасында апасының ең қымбат заттары не болды?
А. Құрақкөрпе мен текемет
Ә. Астауы мен келі
Б. Жиһазы мен ыдыстары
Жалпы, Жер жүзінде 6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған сонымен қатар атауларын тек тарихтың көне ақпараттарынан көз шалып қалатын, бүгінде жер бетінде жоқ тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер де бар. Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады.Дербес еліміздің тарих тамыры тереңге бойлаған, қасиет оты еш сөнбес ұлттық тілі әр қазақ патриотының жүрегінде сөйлеп тұр.
Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.Сол себептен, тіліміздің бүгіні мен болшағын бағамдау үшін осы жолды сабақ ала жалғастыруымыз қажет.