Менің сүйікті спортшым.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Шишигина Ольга Васильевна (1968 жыл Алматы қаласы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Биографиясы
Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туылған.
Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады.
1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген.
1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған.
1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы).
1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.
1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.
2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты.
2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі.
Марапаттары
І дәрежелі “Барыс”, “Құрмет”, “Дарын” ордендері.