Біреудің есегі мен бар еді Аты,
апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
Жүк ауыр, есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып атқа есек сөз айтады:
Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті
Ат оған ешбір жауап қайтармайды,
Ауырлап жүгін, есек қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.
Жығылды есек байғұс дымы құрып,
Тұрмады айдаса да иесі ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.
Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын ат келеді басып зорға.
Қысымды есек көрген бұ да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды-солға.
Өкініп өткен іске ат келеді:
"Мен қате еткен екем... Аһ! - деді.-
Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?"
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Объяснение:
осы ма???
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой
«Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.