3-тапсырма (106-бет) Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен түсінуге тырысыңыз (ауызша 3 ұпай) Әкем «Ынтымақ» колхозының сиыр фермасында бастық болатын. Ауылдан он шақырым
«Қаражер» деп аталатын фермада тұрады. Шешем сиыр сауады. Бұл — қыс мекендері, ал жаз шыға
жайлауға көшіп кететін.
Жаз шыға бәріміз тоғайға отынға барамыз. Бір-бір құшақ отын көтеріп келеміз. Ең алда —
апам, содан кейін — құндыздай шулаған біздер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті
де жаздай жинап, қораны толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында.
Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар. Апамның теректен ойып жасаған
келісі мен ескі астауы бар еді. Шынымды айтсам, бізді асыраған — осы келі мен астау. Тіпті бізді ғана
емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған — осы келі мен астау екен. Ол тіпті
әкемнен де үлкен. Олар апамның төркінінен Алтайдың арғы бетінен келген аса қымбат заттары
болатын.
ТАПСЫРМА (ЖАЗБАША 4 ҰПАЙ):
-Мәтінге тақырып қойыңыз
-Не себепті қойғаныңызды дәлелдеңіз (1 сөйлеммен)
-Мәтіннен теңеуді табыңыз:
-Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыз:
Егер мен президент болсам...
Егер мен президент болсам, қайтер едім? деген сұраққа жауап беру оңайға соқпас. Себебі президент болу үшін ең алдымен адамға үлкен жауапкершілік пен әділдік керек, өйткені ел билеу оңай шаруа емес. Сенім артқан халықтың үмітін ақтап, әділ ел билеуші болу өте қиын шаруа.
Мен өз басым президент болсам, алдымен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күш - жігерімді жұмсар едім. Материалдық жағдайы қиын отбасыларын әбден оңалып кеткенше салықтан босатып, жұмысқа орналасу мәселелерін реттеуші едім.
Одан кейінгі ретте қарт кісілердің жағдайын ойластырып, әлеуметтік мәселелерді қолға алушы едім. Себебі "қарты бар ел - қазыналы ел" демекші осы үлкен кісілердің ақ батасын алып, пейіліне бөленудің өзі үлкен қуаныш.
Сонымен қатар қайырымдылқ жасау шараларын қолға алушы едім, себебі қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді. Әзірге осы.
Бірақ мен бір сәтте президент болып, ел билеу ісіне араласып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел басқару ісіне де біршама жақын болатыныма сенемін.